Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Аналар кеңесінің 1-Республикалық форумы

Қараша айының 13-14 күндері Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің 1-Республикалық форумы өткізілді.

Форум өткізудің негізгі мақсаты отбасы және ана институттарын нығайту арқылы қоғамдық келісім мен ел бірлігін қамтамасыз етудегі Қазақстан халқы Ассамблеясы мақсаттарын іске асыру.

Аналар форумына Қостанай облысынан қатысушы ретінде А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ ТДО аға оқытушы Алтыбаева А.Б. сайланды.

Ақжан Бақытжанқызы форумда « Отбасы құндылықтарын және қоғамдағы отбасының оң имиджін насихаттау, отбасылық жарасымдылық пен ата-аналардың  жетістігін тарату» тақырыбына баяндама жасады.

Форумда ҚР Президенті атына Үндеу қабылданды.

 


PDF