Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Режиссер - арманшыл өнер»

2013 жылдың 27 қарашасында облыстық Л. Толстой атындағы кітапхананың акт залында ҚМУ-дің бұрыңғы қызметкері, қазіргі таңда құрмет демалысына шыққан, елімізге белгілі өнер жанашары, талантты режиссер, ҚМУ-дің «Жас өркен» жастар театрының бас режиссері болған Айсәуле Есенбекованың «Режиссер - арманшыл өнер» атты шығармашылық кеші өтті. Кешке еліміздің ақын - жазушылары С. Оспанов, Ғ. Бердалина, Ә. Орманшина,  журналист О. Жақсанов және аталмыш театрдың төл шәкірттері мен ҚМУ-дің студенттері қатысты.

Кешке келген қонақтар Айсұлу Әбдешқызы туралы жылы лебіздер айтып, шәкірттері апай мен театр туралы қызықты әңгіме, хикаяларды тілге тиек етті. Басқосуға келген  филармонияның жезтай әншісі Манап Қадыров әнне жыр төгіп, құлақтың құрышын қандырды.

Кеште сөз алған кеш иесі Айсәуле Әбдешқызы өзінен кейінгі өсіп келе жатқан студенттерге адал болуға және еңбекқор болуға шақырып, кешке келген барлық қонақтарға алғысын білдірді. Жалпы кеш  көңілді, әрі қызықты өтті.

 

ҚМУ-дің баспасөз хатшысы Мейрам Оспанов


PDF