Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Сайлау 2013

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің №2 ғимаратында  алғаш рет студенттік декандардың сайлауы өтті.

выборы 2013выборы 2013

Бұл күнді көп күттік, оған дайындалдық. Өткен апта бойы кандидаттар үгіттеу жұмысын жүргізді. Сайлаушылар тобымен кездесіп, студенттік теледидар мен радиодан сайлау алдындағы бағдарламаларын ұсынды. Орталық сайлау комиссиясы сайлау учаскесін белсенді дайындап, тәуелсіз сарапшылармен кандидаттардың сайлау ережелерін орындауын бақылады.

Ашылу рәсімінде ғылыми жұмыс пен сыртқы байланыстар жөніндегі проректор Ким Наталья Павловна барлық  қатысушыларды құттықтады. Содан кейін қатысушыларға дауыс беру ережелері мен тәртібі түсіндірілді.

Тәуелсіз бақылаушылардың айтуынша, бірінші сайлау жақсы деңгейде, тәртіпті және ескертусіз өтті. Дауыс беру үрдісінің соңында ОСК мүшелері мен бақылаушылар жәшіктерге сүргі салып, қорытынды шығаруға кетті.

выборы 2013

Нәтижесінде,  көп дауыс жинағандар - Туркестанова Динара 73%, Салуат Айым - 27% (Гуманитарлық-әлеуметтік факультеті), Успанова Ботагоз 16%, Габдуллина Динара 14% (Ақпаратық технологиялар факультеті), Канатбаева Махабат 60%, Новосельцев Сергей 40% (Заң факультеті), Султанова Гульдана 72%, Нуржанова Жанна 28% (Инженерлік-техникалық факультеті), Букарбаев Айдар 19%, Досмагамбетова Динара 12%, Миманкулова Айкумыс 10 % (Аграрлық-биологиялық факультеті), Рахметуллина Айжан 80%, Кульмагамбетова Мадина 20% (Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультеті) және Тагленова Меруерт 70,5%, Шукпарова Шолпан 20% және Серикбаева Азалия 9,5% (Экономикалық факультеті).


PDF