Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Шет тілдерін меңгерген студенттерді ынталандыру

Жуырда онлайн режимде өткізілген «Қазіргі білім беру ортасында шет тілдерін меңгерген студенттерді ынталандыруды арттыру» атты Ресей мен Қазақстан бірлескен дөңгелек үстел өтті. Бір жарым сағаттық іс-шараға Ресей Федерациясының Тұңғыш Президенті Б.Н. Ельцин атындағы Орал федералды университетінің неміс филологиясы кафедрасының профессорлары және Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің шет тілдер, шетел филологиясы және практикалық лингвистика кафедрасының оқытушылары қатысты. Дөңгелек үстелді шетел тілдері кафедрасының оқытушылары мен ҚМУ-нің оқу-әдістемелік басқару инновациялық білім беру технологиялары лабораториясының жетекшісі Сауле Айтқожинова ұйымдастырды.

Екі университеттің модераторларының кіріспе сөзінен кейін екі тараптан екі ауызша баяндама ұсынылды. Неміс филологиясы кафедрасының доценті Наталья
Дериабина, шет тілдер кафедрасының аға оқытушылары Татьяна Завитова және Диана Маркелова, жас оқытушылар Наталья Николина, Регина Букреева
талқыланған тақырыптар бойынша мәселенің шешу жолдарын көрсетуге тырысты.
студенттерді ынталандыру

Педагогика ғылымдарының тәжірибесін жинақтаған баяндамашылар талқыланып жатқан мәселенің теориялық қағидаларына назар аударды және студенттерді ынталандыруды дамытудың өз жолдарын ұсынды, әр түрлі тәсілдер туралы, оның ішінде шет тілдерін өз бетінше оқып үйрену туралы ақпарат берді. Осы сияқты дөңгелек үстел өткен жылы «Тілдік емес мамандықтардың студенттеріне шет тілдерін оқыту мәселелері» тақырыбында пікірталас болды.

Болашақта шет тілдерді оқытудың түрлі аспектілерін онлайн-форматта бірлесіп талқылау шетел тілдерін оқыту сапасын жақсарту үшін жақсы дәстүрге айналады деп үміттенеміз!

 

 


PDF