Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Startup bolashak: менің арманым» бизнес-жобалар байқауы

Мамыр айының 3-5 аралығында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде «Startup Bolashak: Menin Armanym» республикалық байқауының өңірлік іректеуі өтті. Бұл жоба 16 мен 29 жас аралығындағы шығармашыл жастардың басын біріктірді. Үш күнге созылған іс-шара барысында стартаперлер  өз ісінің білікті мамандарынан сабақ алды, жобаларының осал тұстарын тәлімгерлерінің көмегімен жетілдіруге мүмкіндік алды. Байқаудың соңғы күнінде білген-түйгенін ескере отырып, безнес-жобаларын әділқазылар назарына ұсынды. Әділқазылар қатарында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Қойшыбаев, «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы»  басшысының орынбасары Роза Горянная, «Олжа Агротехмаш» ЖШС-нің басшысы Жанат Жангильдин, «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы (СПК) және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Даму» қоры, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-нің өкілдері болды.

Стартап Костанай

Стартап в КГУ

Конкурсқа қатысуға тілек білдіргендер саны – 260. Соның ішінен 61 жоба іріктеліп алынды, бірақ қорғалғаны 25 жоба ғана. Ал Павлодар қаласында өтетін ширек финалға тек 12 жоба жолдама алды.

Стартап-жобалар байқауы өмір сапасын арттыруға бағытталған, қоғамдық маңызы бар, алдыңғы қатарлы білім алудың арқасында еліміздің әлеуметтік-экономикалық өміріне технологияларды енгізуге негізделген жас кәсіпкерлердің бизнес бастамаларын қолдау мақсатында ұйымдастырылды.   

стартап1

Стартап Костанай

Стартап Костанай


PDF