Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Диас Дулатов жастар мен жасөспірімдер арасында өткен панкратион сайысы бойынша әлемдік біріншілікте қүміс медалі жеңіп алды

Тарих және құқық  факультетінің  «Аймақтану» мамандығының 1 курс студенті Диас Дулатов  жастар мен жасөспірімдер арасында өткен  панкратион  сайысы бойынша әлемдік біріншілікте қүміс медалі жеңіп алды. Еске алсақ «панкратион» - қайта өрлеген күрестің олимпиялық көне турі болады.  Аңыз брйынша панкратионның негізін  салушы ретінде ежелгі грек кейіпкерлері – Тесей мен Гераклды есептейді. Тесей, өзі меңгерген жауынгерлік өнері  (күресі пен ұру) арқасында Минотаврды жеңіп кейін патша болып сайланады, кейін Истимиялық ойындарды дүниеге келтіреді, оның құрамына жекпе-жек күрес түрлерінде болды. Геракл панкратион техникасын Немей арыстанымен күрескен кезде көрсете білді. Сонымен қатар, панкратион күресі бойынша ежелгі грек философы және жазушысы Платон да чемпион болған екен. 2016 жылы панкратион күресі Рио-де-Жанейрода Олимпиада ойындарына алғаш рет еңгізіледі.


2014 жылдың 27 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Калиниград (Ресей) қаласында  16-мен 19 жас аралығындағы  15 елден  300 спортшы қатынасқан турнир өтті. 15 –елдердің ішінде Голландия, Сербия, Венгрия, Белоруссия, Камерун және Қазақстан да бар еді. Жарыста спорттық күрестің Халықаралық федерациясының (FILA) бригадасы төрешілік етті. ҚМУ студенттің бұл марапаты алғашқы емес, осыған дейін де 10 жыл бойы спорт алаңдарында Диас Дулатов көптеген марапаттарға  ие  болған еді:

  1. «Джиу-Джитсу», «Қоян-қолтық күресі», «Панкратион» бойынша Қостанай облысының чемпионы.
  2. «Ушу-Саньда» бойынша Ақмола облысы чемпионатында күміс жүлдесі.
  3.   «ММА» бойынша Қазақстан чемпионы және «Бразиялық джиу-джитсу» бойынша Қазақсан жүлдегері.
  4. «Алып-Соқ» бойынша  Астана чемпионы.
  5. Панкратион мен Грэплинг бойынша Қазақстанның біріншілігінің жүлдегері.
  6. Profi fight jiu-jitsu бойныша Халықаралық жарсытың жүлдегері.
  7. РФ Калининградта өткен Әдемдік чемпионатта Панкратион бойынша 2-ші орын және Грэплинг бойынша 3 орынды иемденді.

 

 


PDF