Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Экономикалық факультеттің студенттері «БИЗНЕС-КУРС: Максимум» компьютерлік іскерлік ойынды қолданумен «Экономика және басқару» I Рессейлік студенттік интернет-олимпиадасына қатысты

2014 жылы 4 желтоқсанда экономикалық факультеттің 5В051000-Мемлекеттік және жергілікті басқару, 5В051100-Маркетинг және 5В050700-Менеджмент мамандықтарының студенттері «БИЗНЕС-КУРС: Максимум» компьютерлік іскерлік ойының қолданумен «Экономика және басқару» I Рессейлік студенттік интернет-олимпиадасына қатысты.

Интернет – олимпиаданың мақсаты жалпы және қаржылық менеджментте жоғарғы оқу орындарының студенттерінің және магистранттарының дайындық деңгейін және олардың нарықтық бәсекелестік жағдайында басқарушылық шешімдер қабылдау қаблетін анықтау болып табылады.

Олимпиаданың ұйымдастырушысы ретінде «Ғылым және білім» ЖШҚ және «Башқұр мемлекеттік университеті» федеральды мемлекеттік бюджеттік жоғарғы кәсіби білім беру бюждеттік мемлекеттік федеральды Нефтемаминск филиалы болды.

Олимпиада «БИЗНЕС-КУРС: Максимум» компьютерлік іскерлік ойын негізінде коллективті сайыс түрінде жүргізілді. Ойын 10-15 минуттан тұратын ойын түрінде өтті (1кезең 1 ай). Біздің қатысушыларымыз 15 ойын кезеңінен өтті, ұйымдастырушылардың айтуы бойынша бұл біздің ойыншыларымыз үшін өте жақсы көрсеткіш, қатысушылар мараптаулар мен сертификаттарға ие болады.



PDF