Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Экономикалық факультеттің студенттері «БИЗНЕС-КУРС: Максимум» компьютерлік іскерлік ойынын қолдану арқылы I Жалпы Рессейлік студенттік «Бағалы қағаздар нарығы» интернет-олимпиадасына қатысты

2014 жылдың  12 желтоқсан күні экономика факультетінің 5В050600-Экономика және 5В050900-Қаржы мамандығының студенттері «БИЗНЕС-КУРС: Максимум» компьютерлік іскерлік ойынын қолдану арқылы I Жалпы Рессейлік студенттік «Бағалы қағаздар нарығы» интернет-олимпиадасына қатысты. 

Интернет-олимпиаданың мақсаты - жоғарғы оқу орындарының студенттерінің интернет-трейдинг саласындағы дайындық деңгейін және олардың бағалы қағаздарды сату және сатып алу бойынша тиімді шешім қабылдау қабілеттерін анықтау болып табылды.

Олимпиаданың ұйымдастырушысы ретінде ЖШҚ «Ғылым және білім» және «Башқұрт мемлекеттік университеті» федералдық мемлекеттік бюджеттік жоғарғы кәсіби білім берудің бюждеттік мемлекеттік федералдық Нефтемаминск филиалы болды.

Олимпиада «БИЗНЕС-КУРС: Максимум» компьютерлік іскерлік ойын базасында коллективті жарыс түрінде жүргізілді (1.4 болжам).  Олимпиадағы жүлделі орындар іскерлік ойын барысында қатысушылар жинаған рейтингке сәйкес бөлінді. Біздің тобымыз 16 қатысушы арасынан 4 орынға ие болды.

 


PDF