Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Сыртқы сараптама комиссия жұмысының барысы

Бүгін екінші күн Қостанай мемлекеттік университетінде Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (АРТА) сыртқы сараптама комиссиясы жұмыс істеп жатыр.

Жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін құрылған агенттік ҚМУ-нің жалпы білім беру сапасы мен жеке білім беру бағдарламаларының сапасын тексеруде. Аккредитацияның бірінші күнінде комиссия мүшелері оқытушылармен, университеттің проректорларымен, құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен, факультет декандары және кафедра меңгерушілерімен кездесті. Сонымен қатар олар «Парасат» цифрлық орталығында, «Білім орталығы» ғылыми кітапханасында, ғылыми-инновациялық орталықта, әскери кафедрада болып, жұмыс барысымен танысты, студенттер үйін, оқу орнының басқа да ғимараттарын аралады.

АРТА

 

АРТА

АРТА


PDF