Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Тәуелсіздік ел арманы

Еліміздің Тәуелсіздігінің  22 жылдығына орай, Қостанай мемлекеттік университетінің акт залында қызметкерлерді және студенттерді құттықтауға арналған салтанатты мерекелік концерт өтті. 



 


Салтанатты мерекеде аталмыш оқу орнының басшысы А. Нәметов құттықтау сөз сөйлеп, елімізге қалтқысыз қызмет еткен бірнеше қызметкерге  ҚР  төс белгісін, медальдармен  және марапаттау громаталарын табыстады.

Олар Александра Алексеевна Тегза «Қазақстан Республикасы білім берудің құрметті қызметкері» төс белгісімен, Михаил Түсіпұлы Дауенов, Абай Ахметқалиұлы Айтмұхамбетов, Биғайша Зейнулльевна Ахметова Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің грамоталарымен,Сәбит Қабдешұлы Коканов, Андрей Петрович Коваль «ҚР ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белісімен,Нұрлыбай Төлепбергенұлы Абатов «Ы. Алтынсарин» атындағы төс белгімен марапатталды. Сонымен қатар бірнеше ҚМУ-дің студенттеріне облыс әкімінің атындағы гранттар табыс етілді.

Мереке соңы «өнер» студиясының ұйымдастырған гала концертімен ұласты.

 


 

ҚМУ-дің баспасөз хатшысы Мейрам Оспанов


PDF