Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Корей елшісі ҚМУ-да болды

2014 жылғы 3 желтоқсан күні А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетіне Қазақстан-Корей елшілігінің өкілі СОНГ Гым Ёнг мырза ат басын тіреп, Университет ректоры Асқар  Нәметовпен жұмыс барысымен кездесті.

Кездесу барысында екі жақтың экономикалық жағдайы, болашақта қазақ еліне Корейдің білікті мамандарын тарту және біздің студенттердің шетелде тәжірибе алмасып, білімін толықтырулар жайлы сөз болды.

Кездесу соңы екі жақтың бітімгерлігімен аяқталып, екі елдің өкілдері болашаққа көптеген жоспарларды құрды.

Кейін СОНГ Гым Ёнг мырза студенттермен кездесіп, корей тілін үйренуге насихаттап, көңілді әзілі аралас сұхбаттасты.

Тіпті елші өз көңілінен шыққан корей тілін білетін бір студентке өзінің ұялы телефонының қуат көзін толықтырушысын (батарея) сыйға тартты.






PDF