Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Қостанай қаласының «1Бит» компаниясының жетекші мамандары экономикалық факультете

Тәжірибеге бағытталған сабақтарды ұлғайту мақсатында  «Қаржы және банк ісі» кафедрасы оқу үрдісіне экономиканың нақты секторының өкілдерін тарту жөнінде белсенді жұмыстар жүргізуде.


 

2015 ж. 21 қаңтарында Қостанай қаласының «1Бит» компаниясының жетекші мамандары  (Дитянцев А. - сату бөлімінің басшысы,  Бектурагнова Е. - HR менеджер)  «Қаржы қызметінің заманауи  технологиялары»  және  «Өнеркәсіптік-коммерциялық сектордың бухгалтерлік есебінің инновациалық жүйелері » пәндері бойынша проблемалық дәрістер өткізді.

 

 

Дәрістер «Қаржы» және  «Есеп және аудит» мамандығының үшінші курста оқып жатқан студенттерімен өткізілді. Компания өкілдері ақпараттық технологиялар нарығындағы бағдарламалық туындыларға шолу жасады, оның ішінде 1С: Кәсіпорын 8 бағдарламалары, бизнес үрдістерін басқаруды автоматтандыру жолындағы қаржылық және басқару есебінің ролі туралы айтып берді.   


 

  Әсіресе «БИТ.ФИНАНС» (компанияның қаржысын басқару кешен бағдарламалары) салалық шешімі студенттердің ерекше қызығушылығын тудырды.

Кездесу соңында компания өкілдері экономикалық факультеттің студенттеріне тәжірибе өтуге жағдай жасауға және оларды болашақта жұмысқа орналастыруға мүмкіншілік  беруге  дайын екендерін білдірді. 

 


PDF