Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Университеттің ПОҚ профессор Ерлан Кудузимен (КХР) кездесті

2014 ж. 10 желтоқсанында университеттің  ПОҚ  Қытай Халық Республикасынан  келген Синьцзян  университетінің (Урумчи қ.)  профессоры   Ерлан Кудузимен (КХР) кездесті.

Профессор Е.Кудузи өте қызықты түрде ҚХР-да оқудың, шетелдегі жоғарғы білім саласының ерекшеліктері, Қытайда тұрып жатқан қазақ диаспорасының өмірі, біздің университеттен, Қазақстаннан, Қостанайдан  алған әсерлері туралы ой бөлісті. ҚМУ оқытушылары кездесуге қызу араласып, көптеген сұрақтар қойды. Кездесу соңында екі жақ естелік сувенирлер мен сыйлықтармен алмасты.






PDF