Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Қор өкілдерімен кездесу

2014 жылғы 4 желтоқсан күні А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дің конференц-залында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қорының өкілдері университет оқытушылары, жас ғалымдар және студенттермен кездесті.

Кездесу барысында Тұңғыш Президент қорының өкілі Роза Едигеева қор туралы толығырақ ақпарат беріп, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті өз қолымен бекіткендігін,  әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және қоғамдық-саяси мақсатта жұмыс жасайтын  коммерциялық емес ұйым болып табылатындығын атап өтті.

Қор қарамағындағы жас ғалымдар кеңесінің мүшесі Н.К. Жакиев сайыстар, жобалар, жәрмеңкелер, грантқа қатысу және қордың студент шәкіртақысын беру туралы айтып берді.

ЖОО-ның оқытушылары мен студенттердің арасында ашық әңгіме өрбіді. Қор өкілдері университет кітапханасына  Қор баспасынан шығарылған кітаптарды тарту етіп, қонақтар Университетіміздің кешендік мұражайын аралады. 

 


PDF