Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Қызметкер арасында спартакиада басталды

2014 жылғы 8 қаңтарда А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің «Сұңқар» спорт кешенінде университетіміздің 75 жылдығына арналған қызметкерлер арасындағы 2 апталық спартакиада жарысы басталды.

Жарыста спортшылар спорттың 9 түрінен (дойбы, шахмат, волейбол, шағын футбол, баскетбол, шаңғы, дартс, үстел теннисі және винтовкадан ату) сайысқа түседі.

Сайыстың алғашқы күні 2 топтан құралған, барлығы 8 команда арасында  шағын футболдан қызықты тартыс өтті. Теңбіл топтың әуесқой ойыншылары спорттың осы түріне үлкен дайындықпен келгендерін қызықты ойын барысында дәлелдей түсті.

Екі күнге созылған шағын футбол жарысында бірінші орынды ветеринария және мал өнімдерін өндіру технологиясы факультетінің командасы алды. Екінші орынды университеттің әкімшілік командасынан құралған футболшылар алды. Ал үшінші орын инженерлік – техникалық факультеттің жігіттеріне бұйырды.

Спартакиаданың ашылуында Университет ректоры А. Нәметов:

« - бұл спартакиаданы ұйымдастырып отырған мақсатымыз, қызметкерлердің денсаулығын нығайтып, Қазақстанда салауатты өмір салтын қалыптастыру. Егер біздің денсаулығымыз мықты болса, болашақ балаларымыздың да денсаулығы  мықты болады, сондықтан барлығымыз спортпен шұғылдануымыз қажет» – деді.

Сайыстың үшінші күні дойбы және шахмат ойындарымен жалғасын тапты. Аптаның алдағы күндері қалған спорт түрінен жарыстар жалғасады.

 

 

ҚМУ-дің баспасөз хатшысы Мейрам Оспанов


PDF