Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жаңбыр балалары

Қазақстан Республикасындағы жоғары білім беруді дамытудың келешегі жас зерттеушілермен, яғни студенттер мен магистранттарды ғылыми жобаларға конкурстық іріктеу негізінде, заңды тұлғалардың гранттық қолдауымен ең өзекті жобаларға тартуымен байланысты. Халықаралық қайта құру және даму банкінің қаржылық қолдауымен Қазақстан жастар конгресі өткізген Республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздарының бірі – гуманитарлық-әлеуметтік факультетінің «Педагогика және психология» оқу бағдарламасының магистранты Аслан Манатов.

Жобамның атауы – «Дети дождя». Мұндай тіркесті аутизммен ауыратын балаларды атағанда қолданамыз. Бұл тақырып мені психолог ретінде де, адам ретінде де толғантады. 
Сондықтан бұл іс-шараға қатысуым кездейсоқ емес. Бірінші курста оқып жүргенде тәжірибеден өтуге Мүгедек балаларды бейімдеу орталығына бардым. Онда аутизммен ауыра-
тын балаларды алғаш рет көрдім. Содан бері мені дене бітімі, сыртқы келбеті сау балалар өздерінің құрдастарынан неге соншалықты ерекшеленеді, неге олар ойнауға, басқа
адамдармен қарым-қатынас жасауға және ең бастысы, оларға қалай көмектесуге болады деген сауалдар мазалайды. Ғылыми әдебиеттерді оқып, орталыққа барып балаларға
бақылау жасауды және олардың ерекшеліктерін зерттеуді бастадым. Балалар бірден болмаса да маған үйрене бастады, қатынасқа түсетін болды. Сөйтіп мені осы орталықта ерік-
ті негізде жұмыс істеуге ұсынды.



PDF