Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жаңа проректор тағайындалды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы №167-НС бұйрығымен А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті ректорының оқу жұмысы және оқытудың жаңа технологиялар жөніндегі проректорының міндетін атқарушы болып Алмасбек Ахметұлы Әбсадықов тағайындалды.

Алмасбек Әбсадықов филология ғылымдарының докторы (2009ж.), профессор (2011ж.). Алмасбек Ахметұлы алғашқы еңбек жолын 1991 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің қабырғасында оқытушылық лауазымынан  бастап, осы оқу орнында 2012 жылға дейін әртүрлі лауазымдық қызметтерді атқарды. Кейін 2012 жылы Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасына профессор лауазымына ауысты.

Біз де әріптесімізді өзі еңбек жолын бастаған оқу орнына жаңа қызметке  келуімен шын жүректен құттықтаймыз. 



PDF