Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жаңа заманның жаңа ғалымы

2013 жылдың  1 желтоқсанынан  А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде  Канададан келген педагогика ғылымдарының докторы, техника ғылымдарының кандидаты, бүкілодақтық кәсіби-техникалық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының доценті, Комрат Мемлекеттік университетінің профессоры, Еуроазиялық Еңбек Институтының құрметті профессоры, ғалым  Рудик Георгий Алексеевич ҚМУ-дің қызметкерлеріне, оқытушыларына, магистрлары мен студенттеріне «Инновациялық білім беру технологиясы» тақырыбында халықаралық семинар өткізуде.

Қазіргі заманның жаңа технологиясын терең меңгерген ұлағатты ұстаз, әлемге әйгілі ғалым, өзінің мол тәжірибесін қазақстандық әріптестерімен кең ауқымда бөлісуде. Семинардың тақырыбы өте ауқымды, әрі қызықты.

 

ҚМУ-дің баспасөз хатшысы  Мейрам Оспанов


PDF