Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Жас психолог мектебінің» берері мол

2014 жылдың 17 қаңтарында А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Практикалық психология лабораториясында «Жас психолог мектебі» атты жоба аясында кезекті сабақ ұйымдастырылды.  Аталмыш жобаға қаламыздағы мектептерден келген 9-11 сыныптың оқушылары мен колледждің   студенттері қатысты.

«Жас психолог мектебі» (ЖПМ) бірінші кезекте, болашақ талапкерлерге өзінің болашақ кәсібін дұрыс таңдауға және практика саласында психолог ретінде «Психология» жолдамасы туралы ұсынысты алуға мүмкіндік береді.

ЖПМ – эмоциялық тәжірибені молайтуға, қызықты әңгімелесуге және өзін күтпеген жағынан ашылуына көптеген мүмкіндік береді.


 ЖПМ – тұлғаның өзін-өзі дамытуға, қызықты адамдармен танысуға, араласуға және өзара ынтымақтастық дағдысын қалыптастыру үшін бірден-бір мүмкіндік.

Осы қызықты сабақта қонақтар бір-бірімен қалай сөйлесу керектігін және психологиялық тұрғыдан білімір болу қажеттілігін зерделеп, үйренді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


PDF