Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ЖОО-на қабылдаудың Үлгі ережелеріндегі өзгерістер

13 маусымда А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-да жоғары оқу орындарына қабылдаудың Үлгі ережелеріндегі өзгерістерді түсіндіру туралы брифинг өтті. Мақсаты – жоғары оқу орындарына қабылдаудың Үлгі ережелеріндегі өзгерістерді түсіндіру

СПИКЕРЛЕР:

Алма Досжанова - қабылдау комиссиясының төрайымы, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры;

Арман Бекмағамбетов – қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы;

Арман Исмаилов - Академиялық мәселелер жөніндегі директор;

Азамат Исабаев – Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінің деканы.

брифинг КГУ

Биыл мектеп бітіруші түлектер үшін оң өзгерістер бар, мәселен Ұлттық біріңғай тестілеуді 4 рет тапсыру мүмкіндігі беріледі. Конкурсқа қатысуға өтініш берген кезде, үміткер 
университетті және білім беру бағдарламаларын көрсетеді, ол траекторияны, бағытты таңдау кезінде көбірек еркіндік пен мүмкіндік береді. Мысалы, «B044 - Менеджмент және
басқару» білім беру бағдарламасына Менеджмент, Мемлекеттік және жергілікті басқару, Экономика, Спорт менеджменті, Әлемдік экономика мамандықтары кіреді.
ҰБТ-ны тапсыру форматында өзгеріс жоқ, бірақ талапкерлердің тестілеуде аз балл жинаса немесе басқа профильді мамандықты таңдағысы келсе, сынақтан 4 рет өтуіне бола-
ды. Ең бастысы, барлық сертификаттар университетке түсу үшін жарамды, бірақ мемлекеттік білім беру гранты бойынша конкурсқа қатысу үшін маусым айында алынатын ҰБТ
сертификаты қажет.
Қаңтар, наурыз, маусым және тамыз айларында алынған барлық сертификаттар жарамды және университетке түсу үшін пәндер бойынша 50 балл және
кемінде 5 балл алған кез-келген куәлікті ұсынуға болады.

Колледждің студенттері туыстас білім беру бағдарламалары бойынша жеделдетілген оқу түрінде және тек қана ақылы түрде білім алатын болса ҰБТ сертификаты талап етілмейді. Сонымен қатар, біздің университетте колледж түлектері қашықтан оқыту технологиясын қолдана алады.

Магистратураға келер болсақ, 2019 жылдың 3-і мен 25-і аралығында кешенді тестілеуге қатысуға өтінімдер қабылданады. Алдыңғы жылдардан айырмашылығы – барлық сынақ
емтихандары (шет тілінен сынақ, дайындықты анықтау, оқу бағдарламалары пәндерінен тест тапсыру) бір күнде тапсырылады.
Болашақ докторанттар үшін құжат тапсыру мерзімі – 3 мен 25 шілде аралығы. Жаңашылдық – еуропалық стандарттарға сәйкес келетін шет тілін білетіндігін растайтын халық-
аралық сертификаттар болуы керек, кемінде 4,5 балл.
Биылғы жылы мемлекеттік білім беру гранттарының саны артты, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік тапсырысына 69256 грант бөлінді, оның 
ішінде бакалавриатқа 53 785 грант, магистратураға 13 159 грант және PhD докторантурасына - 2 312 орын.

Біздің университетке құжат тапсыру кезеңі:

Қабылдау комиссиясы 3 маусымнан 25 тамыз аралығында жұмыс істейді. 20 маусымнан 7 шілде аралығында шығармашылық оқу бағдарламаларына (мамандықтарға) құжаттар қабылданады. Ал шілде айының 8-і мен 13-і аралығында шығармашылық емтихандар өтеді. Шілденің 13 мен 20-сы аралығында мемлекеттік білім беру грантына конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылданатын болады. 25 шілдеден 3 тамызға дейін ҰБТ-ға қайта қатысу үшін құжаттар қабылданады.

3-ші шілдеден 25 шілдеге дейін магистратура мен докторантураға құжаттар тапсырылады. 

 Брифинг КГУ


PDF