Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жылдың үздік кураторы

19 сәуірде университеттің акт залында «Жылдың үздік кураторы» байқауы өтті. Бұл жылғы сайыс Жастар жылымен байланыстырылды. Өйткені кураторлар жастармен тікелей 
байланыста, студенттерді өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысын дамытуға, қоғамда өмір сүру қабілетін қалыптастыруға ат салысады, тұлға ретінде жетілуіне керекті білімді,
дағдыларды дұрыс қолдануға баулыйды.
Үздік кураторлар сайысы – ұстаздардың кәсібилігін тағы бір рет көрсетуге мүмкіндік беретін, демек жастарға да, тәжірибелі тәлімгер-
лерге де қатысуға лайық дода.
Байқауға қатысқан кураторлардың әрбірі бір төбе, олардың пәндері де, қызмет ететін факультеттері де әр түрлі. Олардың бірлігі – күнделікті тірлігінде, жастарды үлкен өмірге 
тәрбиелеу жолындағы қызметінде, шығармашылық ізденіс жолындағы мақсатты қадамдарында.
«Жылдың үздік кураторы-2019» байқауының  қатысушылары:

1. Селеуова Ляззат Амангелдіқызы, ветеринарлық және мал шаруашылық технологиясы факультеті;

2. Шандецкая Юлия Николаевна, әлеуметтік-гуманитарлық факультет;

3 Алтыбаева Гүлмира Қасымжанқызы, экономикалық факультет;

4. Бекмағанбетова Мақпал Төлепбергенқызы, инженерлік-техникалық факультет;

5. Әубәкірова Нұрсәуле Аманбайқызы, заң факультеті

6. Алдашева Динара Төленғалиқызы, ақпараттық технологиялар факультеті;

7. Исмаилова Жанар Байаршиновна, аграрлық-биологиялық факультет.

Конкурстың талабы бойынша қатысушылар видеоролик тапсыруы керек және шығармашылық нөмір мен жеке тапсырма болды.

Байқау комиссиясының шешімі бойынша «Жылдың үздік кураторы» атағы гуманитарлық-әлеуметтік факультетінің оқытушысы Шандецкая Юлия Николаевнаға берілді. Ал екінші және үшінші орындарды инженерлік-техникалық факультетінің оқытушысы Бекмағанбетова Мақпал Төлепбергенқызы мен экономикалық факультетінің оқытушысы Алтыбаева Гүлмира Қасымжанқызы өзара бөлісті.

жылдың үздік кураторы 2019

кураторы 

 


PDF