Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жаңалықтар

17 наурыз күні Ирландияда және барлық әлемде Қасиетті Патрик Күні аталып өтіледі. Бұл Ирландияның жебеушісі Қасиетті Патриктің қайтыс болған күнінде жыл сайын аталып өтілетін, діни және мәдени мейрам болып саналады. Әдетте осы күні Ирландиямен байланыстыратын, жасыл немес замартас түстес киім кию қалыптасқан. Негізі жасыл түс – осы мейрамның негізгі атрибуты болып табылады. Бұл түс барлық жерде, соның ішінде тамақта да қолданылады. Шетел филологиясы кафедрасының оқытушылары мен студенттері бұл күнді ерекше атап өтеді. Осы жылы 19 наурызда, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ бас корпусының 108-аудиториясында, сағат 10.00 – ден 13.00-ге дейін жайлы Ирландияның ерекше атмосферасы орын алды. «Шетел филологиясы», «Аударма ісі» студенттері, кураторларыСамамбет М.Қ және Шандецкая Ю.Н. бастамасымен бірге жиналып, өздерін нағыз ирландықтар ретінде сезініп көрді. Ирландияның туымен түстес (жасыл, ақ, сарғылт) безендірілген аудиторияда, ирландялық әуендер қойылып, студенттер мейрамға, Ирландияға және Қасиетті Патрикке қатысты деректерді естеріне түсірді. Студенттер осы мерекенің басты жүргізушілері болды, өз топтарын таныстырып, жарыстар ұйымдастырып, өздері дайындаған тамақтарын таныстырды. Мерекелік көңіл-күйді қалыптастыруда, барлық студенттер қатысқан «Ирландиялық би» флэшмобы ерекше орын алды
Студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру және теориялық білімдерін тәжірибеде бекіту мақсатында 18.03.19 куратор Мукашева Г.К Заң факультетінің 5В030100 – құқықтану мамандығының 17-400-12 тобының 2 курс студенттерімен Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына экскурсияға қатысты. Экскурсия сот қызметкерлерімен студенттерге сот ғимаратында ұйымдастырылды. Экскурсия шеңберінде Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Дудин И. И. студенттермен әңгіме жүргізді, онда студенттерді әкімшілік құқық бұзушылықтың мәнімен, әкімшілік жауапкершіліктің негізгі баптарымен таныстырды және бүгінгі күндегі әкімшілік істерді қараудың барысындағы жаңалықтармен бөлісті.
14 наурыз күні журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, ақын, жазушы Нағашыбай Мұқатовтың 70 жас мерейтойына арналған «Шаттықтың шаңырағын тік көтерген» атты іс-шара өтті. Құт пен береке, кешірім мен амандықтың нышаны саналған Көрісу күнімен тұспа-тұс келген мерейтойға жиналған барша қонақтарды мерекемен құттықтап, жыр мен тәттіден шашу шашты.      Аталған шара бұрынғылардан өзгерек өтті. Себебі ақынның өзі де Қазақстан радиосы және теледидар саласында, Торғай, Қостанай облыстық радиолары редакциясында 40 жылға жуық журналистік қызмет атқарған. Сондықтан кеш әдеттегідей концерт түрінде емес «Дара жол» бағдарламасы форматында өтті. Шараға шығармашылық және ұстаздық жолындағы әріптестері, туған-туыстары, достары мен шәкірттері қатысты.   Университет ұжымы Нағашыбай Оразбайұлын мерейтойымен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, қажымас қайрат тілейді.       
Наурыз айының 13 жұлдызында бас корпусының акт залында "Golden Dream" атты музыкалды жобасының жартылай финалы өтті. Жартылай финалда 6 факультеттiң 13 қатысушылары бағын сынап көрді. Сонымен финалдық кезеңге 8 қатысушы жолдама алды. Аубакиров Алишер - (экономикалық факультетiнiң 2 курс студентi) Ахметов Жандос - (экономикалық факультетiнiң 2 курс студентi) Төлендіқызы Жансая - (заң факультетінiң 2 курс студентi) Этибар Шаммедзаде - (заң факультетінiң 3 курс студентi) Омаров Айбек - (инженерлік-техникалық факультетінiң 3 курс студентi) Кабдысалыкова Индира - (мал шаруашылық және технологиялық өнiмдер факультетінiң 1 курс студентi) Саркисян Марина - (гуманитарлық-әлеуметтік факультетінiң 2 курс студентi) Тян Анастасия - (гуманитарлық-әлеуметтік факультетінiң 1 курс студентi).   Қатысушыларызды бағалаған қазылар алқасының төрелiгiнде: Жастар бастамаларының дамыту орталығының меңгерушісі - Алиев Орынбай Тахирович ҚМУ-нiң "Өнер" студиясының ұстазы - Бейсенбаева Гульсин Зулкарнайкызы Жастар бастамаларының дамыту орталығының маманы-Ракпанова Диана Болатовна   Бұл жобаның ұйымдастырушысы Қазақстан халыктары кiші ассамблеясының мүшесі, гуманитарлық-әлеуметтік факультетінiң 1 курс студентi Осипов Аблайхан. Финалға өте алмаған қатысушыларымызға "Golden Dream" жобасының атқарушы комитеті алғыстарын бiлдiредi, ал финалға өткен қатысушыларымызды шын жүректен құттықтайды. Финал туралы ақпарат жақын арада шығады.
15 наурыз 2019 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің аграрлық-биологиялық факультетінің биология және химия кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазіргі заманғы биология әдістемесі, теориясы мен тәжірибесі» атты студенттер мен жас ғалымдардыңIV Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді. Конференция аграрлық-биологиялық факультетінің әдістемелік инновациялар айына арналған.  Конференцияға Қазақстан мен жақын шетел қалаларының 200-ден астам ЖОО-ры мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының өкілдері ұсыныс білдіріп, қатысты: - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан); - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті (Астана қ., Қазақстан); - Қарағанды мемлекеттік университеті (Қарағанды қ., Қазақстан); - М. Қозыбаев атындағы Солтүстік-Казақстан мемлекеттік университеті (Петропавл қ., Қазақстан); - М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті (Тараз қ., Қазақстан); - Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті (Тараз қ., Қазақстан); - Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті (Тараз қ., Қазақстан); - М. Өтемісов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университеті (Орал қ., Қазақстан); - А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті (Қостанай қ., Қазақстан); - Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті (Қостанай қ., Қазақстан); - Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті (Көкшетау қ., Қазақстан); - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан); - Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан); - Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты (Арқалық қ., Қазақстан); - С. Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық-техникалық университеті (Астана қ., Қазақстан); - Шөлдер ғылыми-зерттеу институт (Ашхабад қ., Түркменстан); - Әл-Хорезми атындағы Үргеніш мемлекеттік университеті (Үргеніш қ., Өзбекстан); - Я. Купала атындағы Гродно мемлекеттік университеті (Гродно қ., Беларусь); - Беларусь мемлекеттік аграрлық-техникалық университеті (Минск қ., Беларусь); - Хорезм академиясы Маъмуна-Ғылым академиясының аймақтық бөлімі (Хива қ., Өзбекстан); - Берхард атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университеті (Нүкіс қ., Өзбекстан); - ФМБББМ ЖББ Омбы мемлекеттік педагогикалық университеті (Омбы қ.,  Ресей); - Карпат аймағының ауыл шаруашылығы институты АҒҰА (Оброшыно с., Пустомытов а-ны Львов обл., Украина); - Украина Ұлттық ғылым академиясының Н.Н. Гришко атындағы Ұлттық ботаникалық бағы (Киев қ, Украина); Конференцияны өткізу мақсаты – елдердің, өңірлердің, ғылыми-педагогикалық және зерттеу ұжымдарының, сондай-ақ жекелеген зерттеушілердің өзара зияткерлік дамуына ықпал жасау. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның бағдарламасы әдістеме, теория және тәжірибенің өзекті мәселелері талқыланған 6 секция жұмысын қамтиды:  1. Зоологияның өзекті мәселелері 2. Өсімдіктер физиологиясы мен ботаниканың өзекті мәселелері 3. Адам және жануар физиологиясы мен анатомияның кейбір мәселелері 4. Молекулалық биология және генетика дамуының тенденциялары мен перспективалары 5. Адамның қоршаған ортамен қарым-қатынас мәселелері 6. Қазіргі кезеңде биологияны оқыту әдістемесі. Конференцияның әр секциясының қорытындысы бойынша қазіргі биология саласындағы ғылыми зерттеулер тақырыптары бойынша үздік баяндамалар үшін құрмет грамоталары табыс етілді.   1 орын – Рогожина Ю. ҚМУ, Қостанай; Айтбеков Р. ҚазҰУ, Алматы; Филимонова Ю. «Болашақ» Академиясы, Қарағанды; Симанчук  Е. ҚМУ, Қостанай;  Мынбаева Ж. ҚМУ, Қостанай; Омарова А. ҚазАТУ, Астана; Бейшов Р. ҚМУ, Қостанай; Нурсултанова К. ҚМУ, Қостанай. 2 орын – Уразбаева А. ҚМУ, Қостанай; Абильхасен И. ЕҰУ, Астана; Тулубаев Н. ҚМУ, Қостанай; Осипова Д. ҚМУ, Қостанай; Бақытбекқызы А. ҚМУ, Қостанай. 3 орын – Чумаченко А. ҚМУ, Қостанай; Ахмет Ж.  ҚМПУ, Қостанай; Верещага О. ҚМУ, Қостанай; Жанбатырова С. ҚМУ, Қостанай; Токарев А. ҚМУ, Қостанай; Бейсенбекова А. ҚМУ, Қостанай. Конференция басталғанға дейін конференция материалдарының баспа жинағы шығарылды. Конференция өткізілгеннен кейін жинақтың электрондық нұсқасы А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың on-line кітапханасында және Қазақстанның  Республикалық ЖОО аралық электрондық кітапханасында орналастырылды.  Студенттер мен жас ғалымдарға арналған халықаралық конференция Қостанай мемлекеттік университетінің аграрлық-биологиялық факультетінің қабырғасында өткізілетін жыл сайынғы дәстүрлі іс-шараға айналды.  Конференция жинағы (жүктеп алу)    
ХАБАРЛАНДЫРУ   А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті тіл және әдебиет теориясы кафедрасы  қазақтың Үш бәйтерегінің (С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров) 125 жылдығына орай және  Жастар жылы аясында 18.03-06.04. 2019 жылы   аралығында  Қостанай облысы жалпы орта білім беретін мектептерінің 11-сынып оқушылары арасында «Білім жарысы» байқауы өткізіледі.   Қосымша
1 2 3