Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Golden Dream» байқауының жеңімпаздары анықталды

29 сәуірде А.Байтұрсынов атындағы КМУ-нің бас ғимаратында көптен күткен «Golden Dream» байқауының финалы өтті. Бұл байқау 2018 жылдың желтоқсан айында ұйымдастырылды, екі кастинг қорытындысы бойынша 34 адам екінші турға жолдама алды,  ал музыкалық байқаудың финалына 6 үміткер жетті. Олар: Жандос Ахметов – экономикалық факультетінің 2 курс студенті, Индира Қабдылсалықова ветеринарлық және мал шаруашылық технологиясы факультетінің 1 курс студенті, Айбек Омаров инженерлік-техникалық факультеттің 3 курс студенті, Марина Саркисян гуманитарлық-әлеуметтік факультеттің 2 курс студенті, Этибар Шаммедзаде заң факультетінің 3 курс студенті, Анастасия Тян гуманитарлық-әлеуметтік факультеттің 1 курс студенті. Финал екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар 90-жылдардың әндерін орындаса, екінші кезеңде ұстаздарымен қосыла ән шырқады.

Ән додасын университетіміздің өнерге жаны жақын қызметкерлері мен облысымыздың танымал тұлғалары бағалады: Орынбай Әлиев – ҚМУ-нің жастар мәселесі жөніндегі комитетінің меңгерушісі, Виктор Федянин - Х-Factor теле-жобасының финалисті, Азамат Ибраев – әнші, жүргізуші, Тимур Ералин – «Brooklyn» лаундж-барының иесі.

Байқауды Қазақстан халқының шағын Студенттік Ассамблеясы мен  ҚМУ-нің жастар мәселесі жөніндегі комитеті ұйымдастырды.

Қазылар алқасының шешімімен «Golden Dream» байқауының жеңімпазы ветеринарлық және мал шаруашылық технологиясы факультетінің 1 курс студенті Индира Кабдылсалықова деп танылды. Әнші оқытушы да осы факультеттің қызметкері, Айна Күнтуған.

 голден дрим

 

 


PDF