Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ҚМУ-нің «Денди» КТК командасы «Ертіс» аймақтық лигасының жартылай финалына өтті

Павлодар қаласында 14 сәуірде Естай атындағы Мәдениет үйінде халықаралық КТК одағының «Ертіс» КТК ресми аймақтық лигасының екінші ширек финалы өтті. Осы ойынға еліміздің түрлі қалаларынан 8 команда қатысты.

Ойын 4 кезеңде өтті: визитка, разминка, биатлон, музыкалық үй тапсырмасы. Ойынның соңында «Денди» КТК командасы 10,97 ұпаймен екінші орынды иеленді.

Жігіттер керемет ойын көрсетті және біздің университетіміздің беделін лайықты қорғады.

«Денди» КТК командасын  құттықтаймыз, «Ертіс» өңірлік лигасының маусымында да жақсы ойын көрсетеді деген ойдамыз! 

Денди

 

Денди командасы


PDF