Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жаңалықтар

Бүгін А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің «Парасат» цифрлық орталығында. Мәскеу, Челябинск, Қорған және облыс орталығының журналистерінің қатысуымен медиа-форум өтті. «Ресей-Қазақстан шекарасы - бұқаралық ақпарат құралдарының ынтымақтастығы аймағы» - бұл экономика, саясат, мәдениет және спорт туралы БАҚ-тарды талқылауға арналған дөңгелек үстелдің тақырыбы. Сондай-ақ, екі елдің БАҚ-тарының бірлескен медиа жобаларды жүзеге асыруы барысындағы әрекеттері туралы әңгіме өрбіді. Форумда алғы сөз университет ректоры Алма Досжановаға берілді. Іс-шараның ұйымдастырушылары - «Орал-Евразия» (Екатеринбург) сараптау клубы және «Еуразия әлемі» қоғамдық қоры (Алматы), серіктестері - «Қостанай-Медиа» медиа-холдингі және ҚМУ. Журналистерге арналған дөңгелек үстелден кейін медиа трендтер мен біздің заманымыздың жаңашылдықтары туралы тренинг өткізілді. Тренингтің спикері - Мәскеуден келген ерекше қонақ, bQ тобының digital агенттігінің тең құрылтайшысы және коммерциялық директоры Дмитрий Бескромный.  
16
мая 
2019
ҚМУ-нің акт залында «Өнер» студиясының дәстүрлі есеп беру концерті өтті. «Жүрек лүпілі» деп аталған бұл концерттің орны ерекше. Өйткені акт залына жиналған өнерлі студенттер де, өнер сүйер қауым да 5 жасар Анель есімді кішкентай бүлдіршінді қолдай келіпті. Қытай елінде баласын емдету үшін көмек сұраған Анельдің анасының бір ауыз сөзін университет ұжымы жерге тастамады. Концерттен жиналған қаржыны «Өнер» студиясының меңгерушісі Әсия Беркенова Анельдің өзіне табыстады. Сүйкімді балапан көмек қолын созған аға-апаларына алғыс айтты. «Біз Анельдің тез сауығып кетуіне тілектеспіз!»-дейді студенттер. Жастардың көбі концертке билет сатып алды және қайырымдылық жәшігіне де қолдарында бар азын-аулақ қаражаттарын салып жатты. Жүрегінде мейірі бар студент жастарымыздың мұндай пейілдерін көргенде қалай марқаймаспыз!       
«Ғылым қоры» АҚ (бұдан әрі – Ғылым қоры) NU Green Campus және «Назарбаев Университет» ДББ «Astana Business Campus» инновациялық кластерімен бірлестікте қазақстандық ғалымдар мен кәсіпкерлерге  ClimateLaunchpad 2019 халықаралық байқауына қатысуды ұсынады. Өтінімдер 2019 жылғы 15 сәуірден бастап 31 мамырға дейін қабылданады. Презентация
2019 жылдың 14 мамырында Ветеринария және мал шарушылығы технологиясы факультетінде еліміздің барлық аумақтарының жұмыс берушілерінің қатысуымен бос жұмыс орындарына жәрмеңке өткізілді. Ветеринарлық медицина, ветеринарлық санитария, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және биотехнология мамандықтарының 4–5-ші курс студенттерімен, магистранттарымен кездесуге төменде аталған ұйымдардың өкілдері қатысты: Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы, аудандық ветеринарлық бөлімдердің басшылары, республикалық ветеринарлық зертхана, «Атамекен-Агро» АҚ-ның Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында орналасқан мекемелер өкілі, сондай-ақ ірі тауар өндірушілер – «Олжа Агро» ЖШС, «Қазақ тұлпары» ЖШС, «Тұрар» ЖШС және басқа да кәсіпорындар. Жәрмеңке белсенді түрде өтті. Студенттер жұмыс берушілерге мәліметтерін, байланыс нөмірлерін, кейбір студенттер өздерінің түйіндемелерін қалдырды. Сондай-ақ бос алдын-ала сөйлесу туралы 40 келісімге қол қойылды.  
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 5В070400–«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға еліміздің түпкір-түпкірінен 17 команда қатысты. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Ақпараттық технологиялар факультетінің студенттерінен құралған команда терең теориялық және практикалық білімдерін көрсете білді және жүлделі 1-орынға ие болды. Оқу орнымыздың студенттері Ярослав Манаков, Александр Давыдов, Тасболат Төлегенов және жетекшілері Ангелина Жусупованы жеңістерімен құттықтаймыз! Мамандық бойынша келесі олимпиада біздің ЖОО-ның базасында өткізілетін болады.
29 сәуірде А.Байтұрсынов атындағы КМУ-нің бас ғимаратында көптен күткен «Golden Dream» байқауының финалы өтті. Бұл байқау 2018 жылдың желтоқсан айында ұйымдастырылды, екі кастинг қорытындысы бойынша 34 адам екінші турға жолдама алды,  ал музыкалық байқаудың финалына 6 үміткер жетті. Олар: Жандос Ахметов – экономикалық факультетінің 2 курс студенті, Индира Қабдылсалықова ветеринарлық және мал шаруашылық технологиясы факультетінің 1 курс студенті, Айбек Омаров инженерлік-техникалық факультеттің 3 курс студенті, Марина Саркисян гуманитарлық-әлеуметтік факультеттің 2 курс студенті, Этибар Шаммедзаде заң факультетінің 3 курс студенті, Анастасия Тян гуманитарлық-әлеуметтік факультеттің 1 курс студенті. Финал екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар 90-жылдардың әндерін орындаса, екінші кезеңде ұстаздарымен қосыла ән шырқады. Ән додасын университетіміздің өнерге жаны жақын қызметкерлері мен облысымыздың танымал тұлғалары бағалады: Орынбай Әлиев – ҚМУ-нің жастар мәселесі жөніндегі комитетінің меңгерушісі, Виктор Федянин - Х-Factor теле-жобасының финалисті, Азамат Ибраев – әнші, жүргізуші, Тимур Ералин – «Brooklyn» лаундж-барының иесі. Байқауды Қазақстан халқының шағын Студенттік Ассамблеясы мен  ҚМУ-нің жастар мәселесі жөніндегі комитеті ұйымдастырды. Қазылар алқасының шешімімен «Golden Dream» байқауының жеңімпазы ветеринарлық және мал шаруашылық технологиясы факультетінің 1 курс студенті Индира Кабдылсалықова деп танылды. Әнші оқытушы да осы факультеттің қызметкері, Айна Күнтуған.      
1 2 3 4 5