Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінде жәрмеңке өтті

2019 жылдың 14 мамырында Ветеринария және мал шарушылығы технологиясы факультетінде еліміздің барлық аумақтарының жұмыс берушілерінің қатысуымен бос жұмыс орындарына жәрмеңке өткізілді. Ветеринарлық медицина, ветеринарлық санитария, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және биотехнология мамандықтарының 4–5-ші курс студенттерімен, магистранттарымен кездесуге төменде аталған ұйымдардың өкілдері қатысты: Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы, аудандық ветеринарлық бөлімдердің басшылары, республикалық ветеринарлық зертхана, «Атамекен-Агро» АҚ-ның Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында орналасқан мекемелер өкілі, сондай-ақ ірі тауар өндірушілер – «Олжа Агро» ЖШС, «Қазақ тұлпары» ЖШС, «Тұрар» ЖШС және басқа да кәсіпорындар.

Жәрмеңке белсенді түрде өтті. Студенттер жұмыс берушілерге мәліметтерін, байланыс нөмірлерін, кейбір студенттер өздерінің түйіндемелерін қалдырды. Сондай-ақ бос алдын-ала сөйлесу туралы 40 келісімге қол қойылды.

ярмарка вокансий

 

ярмарка вакансий


PDF