Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«What? Where? When?» зияткерлік ойыны өтті

ҚМУ-дың ақпараттық технологиялар факультетінің әдістемелік инновациялар айы шеңберінде бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасы «What? Where? When?» жыл сайынғы зияткерлік ойынын өткізді.

2012 жылы «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығына көп тілді білім беру жүйесін енгізгеннен кейін, осы ойынды өткізу идеясы ұсынылды.

ФИТ интеллектуальная игра

Ойын барысында топтар таңдалған сұрақтарға жауап берді, жиналған ұпай саны бойынша жеңімпаз анықталды. Оларға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар берілді. Жарыстың қорытындысы бойынша «Ең үздік ойыншы» атағы Исламидин Каражановқа берілді.

Бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасының меңгерушісі Ольга Салыкова, бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасының доценті Ирина Иванова, бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасының аға оқытушысы Гүлшат Махамбетова ойынның сарапшылары болды. Шараның қонағы – Сәуле Айткужинова. Қатысушылар іс-шараны жоғары деңгейде өткізген байқау ұйымдастырушыларына алғыс білдірді.

ФИТ интеллектуальная игра


PDF