Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

"Өз үй астында"

Студенттердің жатақханада тұруы қаладан тыс тұратындардың биографиясына ғана тән романтикалық дерек. Сырттай қарағандарға бұл жарқындық пен желіккендік болып көрінер, бірақ жатақхана адамның барлық сан қыры ашылатын өзгеше әлем. Жатақхана - бұл тек тәртіп пен реттік қана емес, өмір мектебі деп айтсақ болады. Жатақханада шыншылдық, өзара қолдау және өзара көмек, түсіністік пен сезімге бой алдырмау маңызды қасиеттер болып табылады.  

 

Студенттің өмірі қиын, себебі әр күн сайын үлкен ақпарат көлемін игереді, әртүрлі бақылау, сынақ пен емтиханға қатысты және көптеген тұрмыстық мәселелерді шешуде сан сезімдерді бастан кешіреді. Өзіңіздей студенттің жағдайын сізден артық кім түсіне алады? Жатақханадағы жолдастар сабаққа ғана емес, өмірде де қолдау көрсететін жақсы досыңыз болады. 

 

 

Университете студенттер үйі деп аталатын екі жатақхана бар.       

студенттер үйі 1986 жылы 400 адамға шақталып салынған, қаланың орталығында Пушкин көшесі 138-нші үйде орналасқан. Тұрмыстары жайлы болу үшін бөлме 2-3 адамға арналған жиһазбен қамтамасыз етілген, секциялы түрде орналасқан, 4 секцияға жеке санторап бар. Тоғыз тұрмыстық асүйлік бөлме, екі жуынатын душы бар бөлме, автоматты кір жуатын машинамен, үтіктеу арналған құрылғылармен жабдықталған бөлме бар. Интернетке қосылған компьютерлік класс, теледидар бөлмесі де жұмыс жасайды. Студенттер университет қаржысына жазылған баспалардан жаңалықтарды күн сайын оқи алады.

 

22 қазан 2012 ж. ҚМУ-да қаланың оң жақ бөлігіндегі Абай даңғылы 28-де орналасқан 320 орындық №2 суденттер үйі іске қосылды. Бұл бұрынғы бесқабаттық оқу ғимараты болған. Бұл ғимарат ауылшаруашылық институт кезінде жатақхана болып, кейін оқу ғимараты болған. №2 суденттер үйінің іске қосылуы университеттің оңтүстік бөлігіндегі студенттерге қолайлы.

      

      Жатақхана студенттері өз әсерлерімен бөлісті: «Бұрын біз қаланың орталығында жатақханада тұрғанда оқуға жеткенше көп уақыт және қаражат кететін. Ал, қазір жаңа жатақхана іске қоыслғаны бері уақытымызды тиімді жұмсай аламыз».

      Жатақхана ашылғасын ҚМУ басшылығымен Қостанай қаласының осы бөлігінде студенттер қалашығын құру бастамалары жасалды. Енді шарбақпен қоршалған аумақта бірнеше оқу ғимараттары, оқу-өндірістік цех, бірнеше спорт объектілері, инновациялық ғылыми-оқу орталықтары, оқу зертханалары орналасқан. 

         

      Болашақта үшінші Студенттер үйін салу жоспарда тұр.

 

           

 


PDF