Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Студенттер тұтандырады!

Қазіргі таңда ТМД елдерінің аумағында КВН ұйымдасқан қозғалысына бәсеке боларлықтай қозғалыс жоқ. 

  - Аумақты алу (жүздеген қалалар – КВН қозғалысының орталығы);

  - Топтар саны (мыңдаған студенттік және мектеп тобы);

  - Ойыншылардың саны (жүз мыңдаған ойыншылар);

 

 

  


 

КВН ҚМУ студенттеріне көптен бері жақсы дәстүр болып қалыптасты. Бірінші ойын қашан өткенін және қалай өткенін ешкімде есіне түсіре алмайды. 2009 жылға дейін университетте жыл сайын барлық факультеттер мен колледж КВН топтарының қатысқан әртүрлі фестивалдер өтіп жүрді, ал 2010 жылы КВН қозғалысының біздің университетімізде өрлеуіне және дамуына мүдделі студенттердің бастамасымен ҚМУ КВН лигасы құрылды. Лига әр жыл сайынғы айналымында топтар санын көбейтіп, актерлік деңгейлерін және және авторлық шеберліктерін артыруда. Студенттер арасында КВН үлкен беделі бар, сондықтан да КВН ойыншылары студенттер арасында әлеуметтік идеялардың көшбасшысы.

 

Лига негізінде біздің оқу ордамыздың атынан әр түрлі облыстық және республикалық шараларға қатысатын университет құрама КВН тобы құрылды. Еңбектері мен жеңістері университет тобының әуелеті мен кәсібилігін көрсетеді:  

 

- жергілікті және республикалық жарыстар жеңісі;

- 1 орын «Снежные буераки» (Ресей, Челябі қ.) халықаралық фестивалі;

- 1 орын Мәскеу және Подмосковье (Ресей, Мәскеу қ.) 1/8 орталық КВН лигасы;

 - 2013 ж. ҚМУ КВН тобы (қазақша) республиканың жоғары лигасына жолдама алды. 

 

КВНстуденттердің бос уақытын тиімді өткізетін бірегей ұйым. Университеттің ешбір шарасы КВН фестиваліндей үлкен аудиторияны жинай алмайды. Сочи қаласында өткен XXII халықаралық фестивалінде жақсы өнер көрсетіп, кіші А.Масляков Премьер лигасына жолдама алған «Қостанай облысының құрамасы» КВН тобының негізгі бөлігі біздің университетіміздің студенттері мен түлектері екенін атап айтсақ артық болмас. Олардың түбі А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ «13 район» КВН тобы. Олар «Север» лигасында өнер көрсетіп бастады. Топ бұрын «Біздің қала» деп аталды, ол  кезде Қостанай қаласынының атынан шығатын. Кейін мәртебесін өзгертіп, «Қостанай облысының құрамасы» деп атауын өзгертті. Сахнаға шығатын негізгі құрам сегіз адам. Ойыншылар өзгеріп отырады. Студенттер оқуын аяқтайды, біреулері КВН мен жұмысты қатар алып жүре алмайды. Оның орнына «көңілді және тапқыр» басқа біреу келеді. Сонымен топ жаңарып отырады, бірақ негізі қала береді. Олар Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ түлегі Ринат Шигапов – топ жетекшісі, сонымен қатар Қостанай КВН лигасының редакторы және Ильяс Ержанов. Бұлар «Қостанай облысының құрамасының» негізін қалағандар. Негізгі құрамда Әнуар Карин, біздің жетекшіміз болған Еспол Бекболатов, Айдар Өтешев, Арман Абилхадиров, Исламбек Жөкешбаев, Марат Ботин, Тоқтар Әубәкіров бар.

- Қостанай құрамасы КВН ойындарында Қазақстанның жалғыз өкілі болып табылады.  Теле лигаға біздің шығуымыз – нағыз жетістік, - дейді топ жетекшісі Ринат Шигапов.

 

«Қостанай облысының құрамасы» КВН тобы 2008 жылғы КВН халықаралық одағының ресми лига ойындарында даңқты болды.  Сочи фестиваліндегі бірінші ойыннан кейін қостанайлықтар екі маусымда да жеңген Орталық Орал КВН лигасына бөлді. «Снежные буераки-2009»  челябілік фестиваліндегі табысты  ойын көрсетуі топқа шабыт сыйлады.

 

КВН қозғалысы жастардың дамуы мен өзіндікжүзеге асыруда үлкен әлеуетке ие деп айтуға толық негіз бар. Қазіргі таңда ол жастардың талантты ұйымдық, театрландырылған шығармашылығқ, зияткерлікті дамыту, эстетикалық тәрбие және студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру құралы болып табылатын белгілі жастар қозғалысы.



PDF