Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Университеттің дамыту қоры

 

Университеттің дамыту қоры

 

 

Мақсатты капитал қорларының әлемдік тәжірибесінде сан ғасырлық тарихы бар. Қазіргі эндаументтердің бірінші аналогы 1502 ж. Ұлыбританияда Генри VIII патшаның әжесі Леди Маргарет Бюфорт Оксфорд және Кембридж университетінің дін ілімі кафедрасын құру үшін қайырымдылық берген кезде пайда болды. Ал АҚШ-да алғаш  жол салған Гарвард университеті еді. 1649 ж. университеттің төрт түлегі білім ордасына шағын жерді өсиетке қалдырып, қазір оның эндаументі жалпы табысының 38% құрайды. Көптеген университеттер Гарвард, Кембридж және Стэнфорд сияқты қаржы таба алады деп айта алмаймыз, қайырымдылық есебінен ЖОО-ның кіріс негізін орта есеппен 40% құрайды. Отандық университеттерге де қосымша қаржының қажеттілігі сөзсіз, бұл Қостанай мемлекеттік университетіне де қатысты.

 

ҚМУ түлектері мен қамқоршылары ассоциациясы жұмысының міндеттерін шешу мақсатында Университетті дамыту қоры (эндаумент-фонд) құрылды. Оның табысы білім беру бағдарламаларын құру, ғылыми зерттеу жұмысын қолдау, студенттерді арнайы мақсатта оқыту, материалдық-техникалық негізін нығайту, оқу үрдісін жетілдіру және т.б. үшін қолдануға ұсынылады.  

 

 

 

Қор жұмысының негізгі бағыттары:


  • Басқару (дамыту стратегиясын анықтау, жоспарлау және есеп беру, қаржы, заң мәселелері);
  • Инвестиция (инвестициялау, қордың қаржы көрсеткіштерін болжау, қаржы есептемесіне жауапты басқарушы компаниялармен жұмыс істеу);
  • Фандрейзинг (донорларды қатыстыру стратегиясын анықтау, мақсатты топтарды, жұмыс әдістерін, уәждемелігін анықтау);
  • PR (ақпарат беру стратегиясын анықтау, уәждемелік жұмыс, баспа қызметі).


 

Қор жұмысының негізгі түрлері:


  • жаңа ұрпақтың білім беру бағдарламаларын қаржыландыру; 
  • ғылыми зерттеу жұмысы мен баспа қызметін қаржыландыру;
  • оқушылар мен оқытушылар үшін әлеуметтік бағдарламаларын қаржыландыру; 
  • университеттің материалдық-техникалық және спорт базасын жаңарту;
  • жас оқытушылар мен ғылыми қызметкерлерді қаржылай қолдау, ЖОО оқушыларына материалдық жәрдем көрсету;
  • оқуда және университеттің қоғамдық өмірінде жоғары жетістіктері бар тұлғаларға, әлеуметтік қорғалмаған тұлғаларға шәкіртақы мен грант тағайындау;
  • талапкерлер ортасында университеттің айқындамасы. 

 

 


 


 

      Қордың ақшалай қаражатының құрамы:

 

  • құрылтайшылардың жарнасы;
  • тауар өткізу, жұмыстың, қызмет көрсетудің түсімдері;
  • ерікті жарна төлеу және қайырымдылық шаралары (ақшалай және натуралды);
  • дивидендтер;
  • шаруашылық қызметінен түсетін табыс.

 

 

 

 

 

 

 

Университеттің дамыту қоғамдық қорына қайырымдылық жасаудың үш себебі

 

 

 

●        Бірінші себеп: Меценаттықтарихи қадірлі де құрметті іс, қазақстандықтардың ерекше сипаты.

 

 

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ университетінің дамыту қоры эндаумент мақсатты капиталына қайырымдылық жасаған түлектері мен қамқоршыларына ерекше көңіл бөледі. Эндаументтің жәрдемшілерге назары, қайырымдылыққа бөлінген сомасының мөлшері қандай болса да, маңызды.

 

Қордың атқарушы дирекциясы жәрдемшілер туралы ақпаратты меценаттар құрмет тақтасы мен А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ қорының сайтына орналастырады, Қор басшылығының теле- және радио сұхбаттарында атап өтеді, «Білім жарысы» газетінде жәрдемшілер жөнінде жаңалықтар мен сұхбаттарын жариялайды, жәрдемшілер туралы мәліметті профессорлар мен Түлектер және қамқоршылар ассоциациясының Кеңесінің есептемесіне  енгізеді, жәрдемшілерді Қор мен университеттің жиналыстары мен іс-шараларына шақырады. 


 

 

●        Екінші себеп: А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ университетінің эндаументімен қайырымдылық жасау – мақсатты қаражат жұмсаудың кепілі. 

 

Университеттің дамыту қоры  қаражат жұмсалатын бағыттарды ғана емес, қаржы саясатының ашықтық қағидасын да көздейді.  

 

Қордың атқарушы дирекциясы профессорлар мен Түлектер және қамқоршылар ассоциациясының Кеңесінің  отырысын өткізеді, қаражатты жұмсау жөнінде толық есеп береді. 

 

 

 

●        Үшінші себеп: Университеттің дамуы – Сіздердің балаларыңыз бен немерелеріңіз үшін сапалы білімнің кепілі.

 

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ эндаументі тек түлектер мен қамқоршыларынан ғана емес, сондай-ақ студенттер, олардың ата-аналарынан, магистранттар мен докторанттардан да қайырымдылықты қабылдай алады. Эндаументке бөлінген қайырымдылық донорлардың алғысын білдіреді.

 

 

Қордың атқарушы дирекциясы студенттер мен олардың ата-аналарын да қолдайды, донорларды Қор мен университетті дамыту  стратегияларын талқылауға шақырады. 


 

 

 

ҚМУ меценаттары үшін мүмкіндіктер



  • ҚМУ магистратурасы арқылы кадрларды қайта дайындау;
  • ЖОО ғылыми әлеуетін ғылыми-практикалық және кәсіпорындар мен ұйымдарды дамыту мәселелерін шешу үшін қатыстыру;
  • Әр түрлі бағдарламалар бойынша мамандардың біліктілігін көтеру немесе стажировка мүмкіндігі (кәсіпорынды басқару, СМЖ, кәсіби қайта дайындау, IT-технологияларын, шетел тілі мен мемлекеттік тілін  және т.б. оқыту);
  • Болашақ мамандарды таңдау үшін бакалавриат пен магистратураның соңғы курс студенттерінің базасына шығу мүмкіндігі;
  • Университеттің материалдық базасын қолдану;
  • Экономикалық зерттеу орталығы, Инновациялық ғылыми білім беру орталығы, Практикалық психология орталығының қызметтерін пайдалану;
  • Кітапхана мен университеттің электрондық қорына шығу мүмкіндігі;
  • Университеттің ғылыми жинақтары мен  «3i: intellect, idea, innovation – интеллект, идея, инновация» көпсалалы ғылыми журналында мақалаларды тегін басу;
  • Технология трансфертін тапсыру мүмкіндігі: бизнес-жобалар, маркетингілік, психоаналитикалық және т.б. зерттеулер жүргізу. 

 

 

Первые меценаты общественного Фонда развития КГУ им. А.Байтурсынова

 

1. Блок Сергей Иванович, ЖШС «Mилх»директоры 

2. Буканов Сайран Балкенович,  ЖШС «Каркен»директоры

3. Бухметов Аманжол Касымбекович, АҚ«Агромаш-Холдинг» коммерциялық директоры

4. Клименко Иван Иванович,  ЖШС «СТОФАРМ» президенті

5. Соложенков Виктор Иванович,  ЖШС«Арай-Холдинг» бас директоры

6. Турсунов Алмат Жанабильевич,  ТПК «Карасу» бас директоры

7. Хабиев Альжан Нариманович,  ЖШС«Зерновая индустрия» бас директоры

8. Университет профессорлары мен оқытушылары, қызметкерлер, магистранттар мен студенттер


PDF