Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ERASMUS+ бағдарламасы туралы

Эразмус+  - 2014-2020 жж. кезеңдегі жобаларды, серіктестікті, білім саласындағы академиялық мобильділікті, білім алуды, спорт пен жастар саясатын дамытуды қолдауға бағытталған Еуропалық Одақтың жаңа бағдарламасы. 

Бағдарламаға қатысты ағылшын тіліндегі нақты ақпарат http://ec.europa.eu/programmes/erasmus-plus/index_en.htm сайтында жазылған.

Эразмус+ бағдарламасы модернизация мен білім беру жүйесін дамытуға ықпал етуге және жастар саясаты мен спортты дамытуға қолдау көрсету, сонымен қатар, қабілеттерін дамытуға және сол арқылы адамдардың жұмыспен қамтылу мүмкіндіктерін жақсартуға бағытталған. Жаңа бағдарлама адамдардың потенциалын дамытуға деген инвеситцияның артылуын көздейді.

 

ERASMUS+-ке кім қатыса алады?

*Консорциум құрамындағы жоғарғы оқу орындары*

*Жеке өтініш білдірушілер: студенттер,оқытушылар, ЖОО-ның қызметкерлері*

*Жоғарғы білім саласында еңбек етуші басқа да мекемелер*

 

ERASMUS+ бағдарламасы аясында А.Бйтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік унвиерситеті Острава униеврситеті, Чехия, Лодзь университеті, Польша, және Хоэнхайм университеті, Германия ЖОО-ларымен келісімшартқа қол қойды.

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік уиверситетінің жоба бойынша серіктес ЖОО-лары  және ҚМУ студенттерінің академиялық мобильділік бойынша серіктес ЖОО-да білім алуы туралы нақтырақ мына жерден көре аласыздар: Университет Остравы  Лодзинский университет  Университет Хоэнхайм

Жобала аясында академиялық мобильділік бағдарламаларына қатысу үшін келесі құжаттарды көрсету керек:

 

Құжаттар ағылшын тілінде рәсімделеді!

Резюме өтініші немесе аппликациялық формасы

Университеттің таңбасымен мөрленген транскрипт

Сәйкес дипломдар, сертификаттар, бағалар қосымшасынің көшірмесі (тек магистранттар мен PҺD студенттер, ОПҚ-ға ғана)

IELTS және TOEFL сертификаттары (болған жағдайда)

Негіздеме-хат

Екі ұсыныс хаты (ресми бланкаларда)

Төлқұжат көшірмесі

Жазылған және басылып шығартылған ар-намыс декларациясы

 

Негіздеме хат келесідегідей жасалады:

Сіз неге осы мекемедегі осы білім беру бағдарламасын таңдадыңыз немесе сіз неліктен Еуропада зерттеу жұмысын жүргіземін деп шештіңіз?

Бағдарламаның сіздің осыған дейінгі біліміңізге қатыстылығы қанша?

ЕО бағдарламасы сіздің карьераңызға қалай әсер етеді?

 

 


PDF