Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Green Logistics жобасының нәтижелері

2016 жылғы 14-15 қазанда  Ростов мемлекеттік экономикалық университетінде (РИНХ) (қ.Ростов-на-Дону, Ресей) XII Оңтүстік-Ресейлік логистикалық форум жұмыс шеңберінде жүргізілген «ЭРАЗМУС+» бағдарламасының LogOn-U жоба қатысушылардың сараптамалық кездесуі өтті. А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті 2015 жылдың қазанынан  консорциумның қатысушысы болып табылады:«Жасыл логистика бақару» магистрлік бағдарламасын әзірлеу және енгізу»: «ЭРАЗМУС+» бағдарламасы бойынша LogOn-U" (№ 561937-EPP-1-2015-1-DE-EPPKA2-CBHE-JP)  тұрақты логистикалық менеджмент және ақпараттық-коммуникациялық құзыреті арқылы транс-еуразиялық қолжетімділікті дамыту. Жоба кафедрааралық болып табылады және Басқару және іскерлік әкімшілік кафедрасында Бағдарламалық қамтамасыз ету және Машина жасау кафедраларының мамандарының қатысуымен жүзеге асады.

Жоба жұмыс тобының құрамынан екі өкілі форумға қатысты: ғылым және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру басқармасының басшысы, э.ғ.к. Коваль.А.П. (үйлестіруші) және бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасының аға оқытушысы, э.ғ.м. Летвинко П.С. (зерттеуші). Олар «Жасыл логистика бақару» магистрлік бағдарламасын әзірлеу және енгізу» презентациясын көрсетті. 

 

LogOn-U Жобасының Сараптамалық конференциясының пленарлық отырыстан кейін " Жасыл логистика саласында  мамандар даярлауда  білім беру траекториясының ерекшеліктері " бойынша дөңгелек үстел өтті: жобаның Қазақстаннан және Ресейден келген университеттер-қатысушыларымен жаңа білім беру траекториялары, "Жасыл логистика"саласындағы бағдарламалардың  оқу жоспарлары таныстырылды.

А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ атынан форумға қатысушылармен жобаны іске асыру барысы құрылымы, құрамы мен А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетіндегі магистратураның "Менеджмент" мамандығы аясындағы "Логистикалық менеджмент" магистрлік білім беру бағдарламасының әзірлеу ерекшеліктері туралы ақпарат берілді.

 

Германия, Швеция, Эстония  Сарапшылары атты орындалған жұмысқа қатысты терең талдау жүргізді. Бұл біздің ЖОО-ның мамандарының жұмыстары жоғары баға алды. Сарапшылар оқу бағдарламаларын жетілдіру, оқытудың түрлері мен әдістерін, сондай-ақ құралдарын бақылау бағыттары бойынша ұсыныс-тілектерін білдірді. Анықталып, келешектегі міндеттері мен кездесу кестесі анықталды.

 


  

2016 жылғы 17 қарашада "Жасыл логистикалық менеджмент": тұрақты логистикалық менеджмент және ақпараттық-коммуникациялық құзыреті арқылы транс-еуразиялық қолжетімділікті дамыту" - LogOn-U (№ 561937-EPP-1-2015-1-DE-EPPKA2-CBHE-JP)  магистрлік бағдарламасын әзірлеу және енгізу"  Алматы қаласы, Каспий университетінде жобасынның іске асырылу барысы туралы мониторинг өтті. Мониторингке А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ атынан жоба үйлестірушісі Коваль А. П. қатысты.

 

1 жыл ішінде жобаның іске асырылған мақсаттары:

1. 6М050700 – Менеджмент мамандығы аясында жоба мақсаттарын іске асыру үшін тиісті әдістемелік қамтамасыздықпен "Логистикалық менеджмент"- (оқыту траекториясы) білім беру бағдарламасы әзірленді.                                        2. Өңірдің жұмыс берушілермен бірлесіп құрамына жалпы кәсіптік, базалық және бейінді пәндердің блогі кіретін, блокты-модульдік негізде білім беру бағдарламаларын құруды қарастыратын білім беру бағдарламасы түлегінің құзыреттік моделі жасалды.                                                                                                                                                             

3. Білім беру процесінің  практикалық бағыттылығын күшейтуге бағытталған, ғылыми-педагогикалық (2 жыл) және бейіндік (1 жыл) магистратура оқу жоспарының модульдік макеті әзірленген.

4. Элективті пәндердің олардың мақсаттары, міндеттері мен қабылданған рәсім бойынша қалыптастырылатын құзыреттіліктерімен сипаттама орындалды, бұл ақпарат элективті пәндердің тізімдемесіне енгізілді. Бұл құжат таңдау компоненті бойынша пәндердің жүйеленген тізбесін құрайды және олардың қысқаша сипаттамасын қамтиды.     

5. Материалдық-техникалық базаны сатып алуға өтінім құрастырылды. Өтінімнің барлық позициялары бойынша тендер өткізілді.

6. Линчепинг университетінен алынған бағдарламаға блоктар бойынша енгізілуі жоспарланып жатқан, ЖОО-да оқытылатын оқу пәндерінің блоктары бойынша деректерді қамтитын нысан толтырылды. Осы нысан негізінде сандық және сапалық критерийлер талдауы өткізілді. Ұсыныстар жасалды.

 

 

Жүзеге асырылған іс-шаралар:

  • Қазақстандық серіктестер және Германиялық үйлестіруші арасында екіжақты келісімге қол қою орындалды;
  • Кездесу жұмыстары кезеңінде Санкт-Петербург, Линчепинг, Ростов-на-Дону серіктестері қатысты;
  • Каспий қоғамдық университеті жоба аясында магистрлік бағдарлама мен жоба  http://green-lg.com/ веб-сайтын әзірлеуде;
  • жабдықтарды жеткізудің негізгі позициялары бойынша серіктестермен жұмыс жүргізілуде, жабдықтың құрамы Висмарского университетінің (Германия) үйлестірушімен мақұлданды;
  • 2 Пакет бойынша жұмыс бақылау күндерге қарай аяқталады.

 


  

11.02.2017 ж. - 18.02.2017 ж. аралығында  А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетіндегі жұмыс тобының қатысушылары Таллин технологиялық университетінде, Эразмус+ бағдарламасында Таллин технологиялық университетінде және серіктес-университеттер магистранттарының логистиканы оқыту тәжірибесін зерттеген   № 561937-EPP-1-2015-1-DE-EPPKA2-CBHE-JP - «Жасыл логистика бақару» бағдарламасын әзірлеу және енгізу: LogOn-U" тұрақты логистикалық менеджмент және ақпараттық-коммуникациялық құзыреті" жобасы бойынша тренингке қатысты.

 

13.02-14.02.2017 ж. LogOn-U құрылымында магистрлік оқу бағдарламасының құрастыру нәтижелері талқыланды; серіктес-университеттерде логистиканы оқытудың педагогикалық мәлелері анықталды; 15.02.2017 ж. – жасыл логистиканың ағымдағы мәселелері: еуропалық көзқарас тұрғысынан жасыл тасымалдау,  порттар үшін жасыл логистикалық қызмет көрсетулер,  жасыл логистиканың заңды аспектілері, жеткізу жүйелерінің (жасыл)  дамуы.

16.02.2017 ж.  ТТУ-дың бизнес – әкімшілендіру кафедрасының қауымдасқан профессорының Tarvo Niine «Логистика негіздері» пәні бойынша шетел білім алушыларымен дәріс сабақтарына, ТТУ Mektory инновация мен кәсіпкерлік орталығна барылды; 17.02.2017 ж. – TBC халықаралық логистикалық компаниясына сапар.


   

2017 жылы 27-29 сәуір аралығында А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін ERASMUS + «Жасыл логистика бақару» бағдарламасын әзірлеу және енгізу: LogOn-U" тұрақты логистикалық менеджмент және ақпараттық-коммуникациялық құзыреті" бағдарламасы аясында неміс профессоры, PhD, Висмар қолданбалы ғылымдар: технологиялар, бизнес және дизайн университетінің еуропалық жобалар орталық басшысы – Анатолий Бейферт дәрістермен болды.

 

Дәріс тақырыбы 18 академиялық сағатты қамтыған «Кешенді Бизнес және Логистикалық Модельдеу». Мақсатты аудитория ПОҚ, үш факультет: ақпараттық технологиялар факультеті, экономикалық және инженерлік-техникалық факультет студенттер, магистранттар болды. Курстың мақсаты арнайы қолданбалы бағдарламалар пакетін негізінде берілген пәндік зерттеу бойынша, экономикалық өсу мен орнықты дамудың түсіну әр түрлі азық-түлік және әр түрлі нарықтарда оң нәтижелері жағдайында алу болды. 

 

Барлық тыңдаушылар баға жетпес тәжірибе алды, ал ПОҚ болса мәліметті беру формасы және әдістемелер білім, дағдыларды.  Семинар соңында барлық тыңдаушылар сертификат алды.                                                                                          


  

2017 жылдың  15 ақпанда ҚМУ жұмыс тобының өкілдері Таллин технологиялық университетінің Mektory инновациялық орталығында болды. Іс-шараға Мишулина Ольга Владимировна, басқару және іскерлік әкімшілік кафедрасының профессоры, Салыков Булат Рахимжанович, машина жасау кафедрасының доценті, Баранова Наталья Аркадьевна, басқару және іскерлік әкімшілік кафедрасының доценті және Омарова Айша Тулегеновна, халықаралық байланыстар бөлімінің маманы қатысты.

 


 

8 - 12 мамыр аралығында Линчеппинг (Швеция)  университетінде лигистикалық менеджмент бойынша университет оқытушалрына арналған оқу семинары өтті. Семинарға А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің оқытушылары Салыков Булат Рахимжанович, машина жасау кафедрасының доценті, және  Александр Николаевич, экономика кафедрасының меңгерушісі қатысты.

 

 


  

Жоба бойынша басқа да құжаттар:

 

Жетекші серіктес презентациясы

26.11.2015 - «Жасыл логистика» магистрлік бағдарламасын әзірлеу және енгізу

15.10.2016 - «Жасыл логистика» магистрлік бағдарламасын әзірлеу және енгізу

17.11.2016 - Жобаның іске асыру барысы туралы презентиция


PDF