Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ECAP жобасының нәтижелері

2016 ж. 14-16 наурыз айында Нитра қ., Словакияда Еразмус ЕСАР "Орталық Азияуниверситеттерінің қоршаған ортаны қорғау және жер ресурстарын басқару саласындағы ауылшаруашылық  саясаттағы құзыреттілігін арттыру" №561590-EPP-1-2015-1-SK-EPPKA2-CBHE-JP жобасы бойынша Бірінші үйлестіру конференциясы өтті.

 

 

Конференцияда 7 ЖОО – бағдарлама серіктестерінің ішінен 5 ел: Словакия, Чехия, Австрия, Өзбекстан және Қазақстан. А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ атынан АБФ деканы – Н.Калимов., экология кафедра меңгерушісі – Г. Юнусова және шетел филологиясы кафедрасының аға оқытушысы А. Абдибекова қатысты.

 

 

Үш күнге созылған кездесу барысында осы бағдарлама бойынша бакалавриат және магистратура бағдарламалары талқыланды.  Біздің университетіміздің өкілдері А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ таныстырып,  экологиялық пәндердың жағдайы туралы баяндап берді. Сапа менеджменті комитетінің мүшелері таңдалды. Әріптестеріге бағдарламаның сайты және электрондық оқыту элементтерімен білім платформасы  таныстырылды. Әріптестік келісімнің ережелері талқыланды. Бағдарлама аясында ЖОО 30 оқытушы 3 еуропалық университеттерінде біліктілігін арттыра алады, бакалавриаттың "Экология" мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының сапасы және университеттің материалдық-техникалық базасы жақсартылатын болады.

 

 

 

________________________________________________________________________________________________________

 

 

 

2016 жылғы 19 қыркүйектен 23 қыркүйек аралығында Эразмус+ ""Орталық Азияуниверситеттерінің қоршаған ортаны қорғау және жер ресурстарын басқару саласындағы ауылшаруашылық  саясаттағы құзыреттілігін арттыру" бағдарламасы бойынша А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ оқытушылар тобы Чехия жаратылыстану ғылымдары университетінде  семинарға қатысты.

Қоршаған ортаны қорғау және жер ресурстарын басқару тақырыптары бойынша 6 дәріс өтті:

 

- Жер, топырақ және су ресурстарын басқару;

- Экологиялық саясатын жасау және жүзеге асыру;

- Жер қолдану және ауылшаруашылықты жоспарлау: Австрия тәжірибесі мен мәслелері;

- Қашықтықтан зондтау және ГАЖ құралы ретінде тұрақты жер ресурстарын басқару;

- ЕО-мен ауыл шаруашылығы саясаты саласындағы жаңаша әзірлеу;

- ЕО бірыңғай ауыл шаруашылығы саясатының шеңберіндегі қоршаған ортаны қорғау. 

 

ЕСАР бағдарламасы бойынша басқарушы комитетінің отырысы өткізілді. Қатысушыларға Прагада экскурсия ұйымдастырылды, университеттің сыра өндіріс технологиясымен таныстырылды. Семинарға қатысушыларға сертификаттар берілді.

Келесі семинар 2017 жылдың ақпан айында Вена қ. ВОКU университетінде ұйымдастырылады, одан кейін 2017 жылдың мамыр айында  Нитра қ. Словак аграрлық университетінде өтетін болады.

________________________________________________________________________________________________________

 

ҚМУ-дың экология кафедрасының оқытушылары Г.Б. Юнусова мен А.И. Хасанова «Су қорларды интегралды басқару (СҚИБ): экономикалық және құқықтық аспектілері» атты тренингке қатысты.  Тренинг ЕС/ ПРООН/ ЕЭК ООН «Жасыл экономика үлгісіне өту бойынша Қазақстанды қолдау» атты бірлескен жоба аясында Қазақстандық ЖОО су секторының оқытушылары үшін Қазақстандық-Неміс университетінде өтті.

Дәрістер мен практикалық сабақтарды Б.Януш-Павлетта – Қазақстандық-Неміс университетінің профессоры (Алматы), М.П. ван Дейк – ЮНЕСКО су білім беру институтының профессоры (Делфт, Нидерланды), профессор С.Ибатуллин – Қазақстанның БҰҰ ЕЭК кеңесшісі, доцент М.Нарбаев – Аралды құтқару қоры, Қазақстандағы атқарушы дирекциясы, А.Николаенко – GIZ TWMCA аймақтық кеңесшісі өткізді.

Тыңдаушылар гидроэнергетиканың институционалдық және құқықтық ықпал етуі, коммуналдық секторлар мен Қазақстанда өнеркәсіптік кәсіпорындардың тұрақты егіншілікте суды тұтынуы туралы ақпарат алды. Салыстырмалы түрде ЕО мен Қазақстан елдеріндегі жағдайлар мысал ретінде қарастырылды.

Қытай мен Сингапурдағы мәліметтерді экономикалық талдау суды аймақтық деңгейде тиімді қолдану әдістерін таңдауға мүмкіндік беретінін көрсетті.

________________________________________________________________________________________________________

 

2017 жылдың қантар айының 31 жұлдызында А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде «Табиғатқаұқыпты қарау - қазіргі және болашақ ұрпақтыңденсаулығы менсаулығы» атты ғылыми – практикалық конференция өтті. Конференцияны ұйымдастырушылар  облыстық арнайы табиғатты қорғау прокуратурасы, облыстық тарихиөлкетану мұражайы және АБФ. Конференция жұмысына мемлекеттік ұйымдардың, облыстық құрылыс бөлімдерінің, өндіріс орындарының, аймақтық және ұлттық  ақпараттық жүйелерінің өкілдері  және аграрлық- биологиялық факультетінің жүзден астам студенттері мен оқытушылары қатысты. Сонымен қатар №2 ғимаратының  фойесінде өлке табиғатының әсемдігі туралы шағын көрме ұйымдастырылды.

Осы кездесуде табиғатты қорғау, ормандарды қорғау, қоршаған ортаның өндірістік  және тұрмыстық қалдықтармен ластану мәселелері туралы  бірқатар маңызды сұрақтартар талқыланды, сомен қатар қазіргі жастардың экологиялық  мәдениеті мен табиғатты қорғау заңдылықтардың бұзылуына шыдамдылық қағидалары қарастырылды.

Қостанай облысының табиғат ресурстарын басқару және табиғатты пайдалануды іске асыру комитетінің орынбасары Калиев С.К. конференцияны  жүргізді.  Конференция жұмысына  қатысып сөз сөйлеген  облыстық ұйымдарының беделді өкілдері: Қостанай облысының табиғат ресурстарын басқару және табиғатты пайдалануды іске асыру комитеті, Қостанай облысының экологиялық департаменті, Қостанай облысының орман және аңшылық шаруашылығының инспекциясы, Қостанай облысының табиғатты қорғау полициясы.

Экология кафедрасының меңгерушісі Юнусова Г.Б. қоршаған ортаны қорғау және экология саласында мамандарды дайындау үшін кафедрада жүзеге асырылған ЕСАР жобасы туралы, Темпус/Эразмус+ бағдарламасын енгізу туралы және қазіргі экологиялық білімінің тенденцияларымен таныстырды.

«Атамекен 4+» ЖШСдиректоры Клементьев М.А. Қостанай қаласында қоқыстарды бөліп жинауды енгізу туралы және осы мәселенің әсері туралы айтып кетті.

Кездесудің қорытындысын Қостанай облысының арнаулы табиғатты қорғау прокуратурасының прокуроры Касымбеков Н.Б. жасады.

 

________________________________________________________________________________________________________

  

2017 ж. ақпан айында Австрия, Вена, жаралатыстану ғылыми университетінде  (BOKU) ЕСАР жоба саласында  университет оқытушыларына тренинг өтті. Тренинг барысында  Білім аспектілері, Дистанциялық оқудың жүйелері/e-learning, Жер қорларды басқару/Әкімшілік, Су қорларды басқару және жер пайдалануды жоспарлау, ГАЖ: Экологиялық қосымша үшін дерекқорлардың қолжетімділігі мен негіздері, Топырақты қорғау үшін құралы ретінде цифрлік картографиялау, Словак жағдайындағы заңнама мен еуропалық Бірыңғай ауылшаруашылық саясатты енгізу тақырыптар боыйнша дәрістер тыңдалды. Чех ауылшаруашылық университетінің/Прага, Табиғи ғылымдар университетінің/Вена, Словак ауылшаруашылық университетінің/Нитра профессорлары және PhD дәрістер оқыды. Су менеджмент бойынша экскурсия өтті. Оқытушылар оқуды өтуі туралы сертификаттар алды. 

Шетелдік әріптестер жер ресурстарын басқару және қоршаған орта саласындағы оқу жоспардың үлгісін ұсынды. Орталық Азия серіктес университеттері қашықтықтан оқыту курсын дайындау үшін 2 пәннен таңдады.

 ________________________________________________________________________________________________________

Нитра қаласындағы Словак ауылшаруашылық университетінде 2017 ж. 9-15 қыркүйек аралығында тренинг өтті. Оған экология, агрономия, экономика кафедраның оқытушылары мен докторанттары  қатысты. Тренинг барысында тыңдалған дәріс тақырыптары:"E-learning, жер ресурстарын басқару, жерді топтастыру, олардың рөлі, ландшафт пен су ресурстарын басқару, фотограмметрия, сарқынды суларды өңдеу және судың ластануы, экологиялық мониторинг".

 

Есте қалатын жағдай - Инновациялық білім беру технологиялары орталығы мен экологиялық проблемаларды шешу үшін қашықтықтан қолдану құралдары туралы өткен сабақ. Дәріс сабақтарын Чех ауылшаруашылығы университеті/ Прага, Жаратылыстану ғылымдары университеті / Вена, Словакия ауылшаруашылық университетінің/Нитра профессорлары мен докторлары өткізді.


 

Қатысушылар сертификат алып, кейбір мәселелер жөнінде кеңес өткізіп, Чехия, Словакия, Австрия, Өзбекістан елдерінің ғалымдарымен жеке байланыс орнатты.

 

 


 

2017 жылдың 9-11 қараша аралығында Прагада Чехия жаратылыстану ғылымдар университетінде ECAP жобасының жетекшілер комитетінің отырысы өтті. Жоба серіктестері оның жүзеге асырылу барысын талқылады, Эразмус + бағдарламасының ұлттық және еуропалық үйлестірушілерінің жобаға берген бағасымен танысты. Жұмыс жоспарына сәйкес жобаның жаңа міндеттері қойылып, силлабустарды аяқтау, «Экологиялық мониторинг» және «Жерді пайдалануды жоспарлау» курстарын дайындау жөнінде келісті. Білім платформасында 2018 жылдың ақпан-наурыз айларында тестілеу өтеді. Жалпы жоба сәтті іске асырылуда, әріптестер кеңсе техникасын сатып алды, жобаға қатысатын оқытушылар электрондық оқыту жүйесіне арналған оқыту курстарын өтіп жатыр. Еуропалық Комиссия жобаны «жақсы» бағалады.

  

 

 

 


2018 жылдың 1-2 наурыз аралығында Вена қаласындағы (Австрия) Табиғи ресурстар және жаратылыстану ғылымдары университетінде «Орталық Азия университеттерінің қоршаған ортаны қорғау және жер ресурстарын басқару саласындағы ауылшаруашылық саясаттағы құзыреттілігін арттыру» жобасы бойынша 4-ші жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында жиналыс қатысушылары жоба нәтижелерін, жоба туралы ақпаратты таратуды талқылап, алдағы кезеңге арналған міндеттерді анықтады.

Осы жоба бойынша 2 жыл ішінде «Экология» мамандығының студенттерін оқытатын университетіміздің 30 оқытушысы Еуропаның жоғары оқу орындарында, атап айтқанда, Словак ауылшаруашылық университеті, Табиғи ресурстар және жаратылыстану ғылымдары университетінде, Чехия жаратылыстану ғылымдары университетінде өз біліктілігін арттырды. Сонымен қатар, «Экологиялық мониторинг» және «Жер пайдалануды жоспарлау» атты 2 жаңа курс дайындалып, электрондық оқыту білім платформасын құрылған.

Жоба отырысына А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ атынан жобаның жетекшісі, ғылыми жұмыс және интернационалдандыру жөнінде  проректор Ж.Жарлығасов, жобаның координаторы, АБФ деканы Н.Калимов, жұмыс тобының мүшесі А.Абдибекова қатысты.

Жобаның ЕО үйлестірушісі Павол Шварц ҚМУ жұмысын жоғары бағалап, біздің университеттің жобаға қатысты барлық құжаттар мен материалдардың жоғары сапалы және уақытында дайындалғанын атап өтті.

Жобаның қорытынды отырысы 2018 жылдың маусым айына ҚазҰАУ Алматы қаласында жоспарланып отыр.


 

 

>Брошюра<

 


PDF