Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ECCUM жобасының нәтижелері

2016 ж. 27-28 маусымда Өзбекстан Респбуликасы Ташкент қаласындағы Турин политехникалық университетінде ЕССUM жобасы бойынша коордниациялық кеңес өтті. 

 

Жобаға қатысты кездесу барысында келесі мәселелер қарастырылды: Өзбекстандағы Эразмус+ жобасының қызметі және жобалық өтініштің келесі байқауы. (Өзбекстандағы Эразмус+ жобасының ұлттық координаторы Азиза Абдурахманова презентация көрсетті.) Сантьяго де Комастело университетіндегі оқытушылар, ОПҚ және студенттердің академиялық мобильділігінің мүмкіндіктері.

 

Кредиттік мобильділік бойынша болашақ жобаларға қатысты ұсыныстар талқыланды. ECTS – Болон үрдісін жүзеге асыру шеңберінде ЖОО арасындағы серіктестікті дамытудың негізі ретінде, сонымен қатар ЕССUM жобасының жүзеге асырылуы туралы қысқаша есеп берілді: Не істелінді? Не істеу керек? 

 

Математикалық инженерия бойынша магистрлік бағдарламаның оқу жоспары талқыланып, компьютерлік орталықтарды құру және құрал-жабдықтарды жеткізуші мекемелерді шақыра отыра жабдықтарды сатып алу мәселесі қарастырылды. ОА университеттері ОПҚ үшін ағылшын тілі курсын өткізу туралы есеп берді, USC 2017 ж. қаңтарда ағылшын тілінен емтихан өтетіндігін хабарлады; серіктестер магистратура бағдарламалары бойынша ақпараттық күндер өтетеінігін хабарлаап, жоба нәтижелерін тарату стратегиясын бекітті және жобаның тұрақтылық стратегиясын детализацияны есепке ала отыра бекітіп, талқылады; ОА университеттері «Математикалық инжиниринг» атты магистратураның білім бағдарламасының оқу жоспарын құрып, квалификациялық мінздемесін жасады. 

 

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ пилоттық режимде «Математикалық инжиниринг» атты магситрлік білім бағдарламасын бастап жатыр, ECTS презентациясының мәліметтері  - Болон үрдісін жүзеге асыру шеңберінде ЖОО арасындағы серіктестіктің дамуының негізі ретінде, академиялық мобильділік бойынша ақпараттық жұмыстарда қолдау үшін кеңес беру болып табылады. 

________________________________________________________

 

 

16.01.2017  бастап 27.01.2017 дейін Исмаилов А.О., Жуаспаев Т.А., Серкебаева Л.Т., Лата В.В.  Испания мемлекеті, Сантьяго де Компостела университетінде кәсіптік оқытудан өтті. Күніне 5 астрономиялық сабақ: оның ішінде 2 сағат - R2012a нұсқалы Matlab бағдарламасын меңгеру, 2 сағат 4.3 нұсқалы Comsol Multiphysics бағдарламасын меңгеру, 1 сағат – өзіндік жұмыс. Сабақ әр тыңдаушы үшін жеке компьютермен, проектормен қамтамасыз етілген аудиторияда өтті. Matlab бағдарламасының оқытушысы – профессор Francisco Pena, Comsol Multiphysics бағдарламасының оқытушысы – профессор Dolores Gomes Pedreira. 

 

Оқу материалдарына қол жеткізу үшін, Сантьяго де Компостела университетінің оқу тренинг ұйымдастырушылары Google-тобын жасап, кез келген уақыт пен компьютерден сол топқа қолжетімділік орнатты. Сонымен қатар, құжат пен файлдарды сақтау үшін, тренингтің әрбір қатысушысына, университеттің жергілікті желісіне қосылған, жеке логин мен пароль ұсынылды.  

Оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес, оқытушылар келесі сұрақтарды қарастыруға ұсынды (теориялық материал, арнайы бағдарламаны пайдалана отырып, орындауға арналған тәжірибелік материал):

- 1 бағдарлама: Matlab R2012a бағдарламасына кіріспе, деректер түрлері, график тұрғызу, Matlab файлдары, Matlab алгоритмдері, Matlab бағдарламасында сандық әдістер, Matlab ортасында бағдарламалау;

- 2 бағдарлама: Comsol Multiphysics 4.3 бағдарламасына кіріспе, екі параллель тілімше арасындағы ағын, Куэтта ағымын меңгеру, айналмалы кеңістік арқылы ағын, жылуберілім аралық үлгісі, масса алмасу, сұйықтық ағыны.

Matlab R2012a,  Comsol Multiphysics 4.3 бағдарламаларын пайдалану тәжірибесі университеттегі профессор-оқытушылар арасында, әдістемелік семинар өткізу арқылы,  кеңінен таратылады. Matlab, Comsol Multiphysics бағдарламалары, Математикалық инжиниринг магистрлік бағдарламасының пәндерінен басқа, техникалық және жаратылыстану бағытында бакалавр және магистратура деңгейіндегі басқа пәндердің оқу бағдарламаларының мазмұнына қосылады.  

 


2017 жылы маусым айының 22-23 күндері Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде (Алматы) Эразмус+ бағдарламасының Eccum жобасы бойынша үйлестіруші кездесуі өтті. Кездесу мақсаты болып жобаны іске асыру кезіндегі нәтижелерді ұсыну және талқылау. Олардың ішінде:

  • Жоба нәтижелерін тарату (жоба бойынша барлық серіктестердің есебі);
  • А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ магистерлік бағдарламаны іске асыру есебі;
  • Жоба орнықтылығын қамтамасыз ету туралы есеп;
  • Жобаны жоспар бойынша іске асыру туралы талқылау.

 

Серіктестес университеттерден келесі қатысушылар баяндады:

  • Іс-шаралардың ағымды жағдайы мен жобаны іске асырудың болашақ стратегиясы, Oscar Lopez, Сантьяго-де-Компостела Университеті, Испания;
  • Компьютерлік орталықтар арасындағы платформаны ұсыну (TPTU) – Фархад Ниязов, Ташкент қаласындағы Турин политехникалық университеті;
  • Жобаға қатысты  веб-сайтты әрі қарай дамыту және өзгерту (UP) – Ales Oven, Приморск Университеті, Словения;
  • Математикалық инжиниринг бағыты бойынша магистерлік бағдарламаны іске асырудың ағымды жағдайы (барлық орталық-азиялық серіктестер);
  • Әрбір орталық-азиялық серіктес университеттерінде тарату жоспарын іске асыру, Елена Кандалина, халықаралық байланыс бөлімінің бастығы, ҚМУ;
  • Жоба орнықтылығы стратегиясы, Гульнара Закирова, жоба координаторы, ХАТУ.

 

 


  

2018 жылдың 22-23 күндері, Италия мемлекеті, Турин қаласының Политехникалық университетінде ECCUM жобасы бойынша үйлестіруші кездесу өтті. Кездесу Турин қаласы Политехникалық университетінің оқу жұмысы жөніндегі проректоры Анита Табакко алғы сөзімен басталды. Университет, халықаралық серіктестік, университет және жұмыс берушілермен байланыс тәжірибесі туралы айтып өтті.

Қазақстан және Өзбекстан университеттері жобаның іске асырылу есептемелерін ұсынды. Қазақстанда екінші жыл қатарымен екі серіктес университеттерінде жоба аясында жасалған, магистерлік бағдарлама іске асырылып отырғаның атап өту қажет. Өзбекстан университеттері математикалық инжиниринг бағытында жасалған магистерлік бағдарлама бойынша лицензиясын алды. Бұл жақын болашақта осы бағдарлама бағытында білім алушыларды оқытуға мүмкіндік береді.

 

Қазақстан және Өзбекстан университеттері жоба аясында келесі маңызды іс-шараларды іске асырды:

• оқу жоспары бойынша оқу материалдары дайындалды;

• есептеуіш орталықтарын ашылды;

• есептеуіш орталықтары үшін ортақ платформа құрылды;

• ағылшын тілі оқып-үйрену;

• Matlab және COMSOL бағдарламаларын қолдану бағытында тренинг өткізілді;

• оқытушыларды дайындау. Наурыз айында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде оқытушылар мен магистранттар үшін Херонимо Родригез профессоры оқу курсын өткізді. Сондай-ақ 2018 жылдың сәуір айында Халықаралық Ақпараттық технологиялар университетінде оқытушылар мен магистранттар үшін оқу курстары өткізіледі.

 

Кездесу кезінде қарастырылған негізгі сұрақтардың бірі – білім беру саласында халықаралық сарапшы, доктор Карлос Мачадомен жоба бойынша сыртқы аудит өткізу. Карлос Мачадо кездесу қатысушыларын аудиттің мақсаты мен өткізу әдістемесімен таныстырды. Жоба серіктестерінің алдында тұрған негізгі мақсаттары болып келесі есептер анықталды: есептеуіш орталықтар арасында ортақ платформаны қолдану, видеоконференция байланыс арқылы оқыту, жоба сайтының http://eccum.famnit.upr.si/en/ жұмысы. Сонымен қатар, серіктестер жоба бойынша нәтиже таратылуын іске асырып, оның тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Бұл жерде жұмыс берушілермен тығыз байланыста жұмыс істеуге назар аудару жөн.


 ECCUM жобасының негізгі мақсаттарының бірі – профессорлық оқытушылар құрамының білім потенциалын арттыру. Херонимо Родригез Гарсиа, Испания мемлекеті, Сантьяго де Компостела университеті, қолданбалы математика кафедрасының профессоры 2018 жылдың наурыз айында «Шеткі элементтер әдісіне кіріспе» тақырыбы бойынша дәріс және тәжірибелік сабақтарын өткізді. Бұл шеткі элементтер әдісініе кіріспе курсы шеттік есептерін шешуде қолданылады. Курс мазмұнында теориялық, сонымен қатар  Matlab  бағдарламасын қолданумен әдістің тәжірибелік аспектілері: шеттік есептердің вариациялық қойылуы; әдістің негізгі ережелері; шеткі элементтер әдісін сандық талдау; шеткі элементтер әдісін кодтау; әдістің сандық суреттемелері қарастырылды.

Сонымен қатар, университетіміздің құштар оқытушылары Испандық Сантьяго де Компостела университетінің техникалық және жаратылыстану бағыттарындағы бакалавриат, магистратура білім беру бағдарламаларының ерекшеліктерімен танысуға мүмкіндіктері ашылды. Ерекше қызығушылыққа бір университетте іске асырылатын, екідипломдық  бағдарламалар, магистранттарды оқыту барысында видеоконференц байланыстарды қолдану мәселелері ие болды. Дөңгелек үстелге қатысушалар ECCUM жобасымен, осы жобаның аясында іске асырылатын математикалық  инжирининг білім беру бағдарламасымен тереңірек танысты. 

  


PDF