Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

SARUD жобасының нәтижелері

2016 жылдың  29 ақпан – 1 наурыз аралығында Астана қаласы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті негізінде Erasmus + KA2 бағдарламасының № 561969-EPP-1-2015-1-DE-EPPKA2-CBHE-JP «Тұрақты ауыл шаруашылық және ауылды дамыту» (SARUD) жобасының қатысушылар мен серіктестеінің  1-ші үйлестірушілік кездесуі өтті.  Аталған форум жұмысына Ұлттық ғылыми-білім беру орталығы ҚР АШМ, Қазақстан Республикасының фермерлер Одағы, Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы және ҚР  «Жасыл Орман» орман шаруашылығы және орман қайта өндеу қауымдастығы қатысты. А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ өкілдері жергілікті жұмыс тобының мүшелері АБФ деканы Н.Калимов және Банк ісі және қаржы кафедрасының аға оқытушысы В.Годунов.  

 

Екі күндік жұмыс семинары барысында "Тұрақты ауыл шаруашылығы мен ауылдық аумақтарды дамыту" жаңа  магистрлік білім беру бағдарламасын әзерлеудің маңызды мәселелері бойынша келісімдерге қол жеткізілді.

 

 

 

Жаңа білім беру бағдарламасы енгізілетін аталған жоба серіктестері П. А. Столыпин атындағы Омбы мемлекеттік аграрлық университеті,Мичурин мемлекеттік аграрлық университеті,  Бурят ауылшаруашылық академиясы, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті және Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетері болып табылады.

 ________________________________________________________________________________________________________

 

2016 жылы  19 - 23 сәуір аралығында Ресей Федерациясының Омбы қаласында Столыпин атындағы ОмМАУ негізінде Erasmus + KA2 бағдарламасының № 561969-EPP-1-2015-1-DE-EPPKA2-CBHE-JP «Тұрақты ауыл шаруашылық және ауылды дамыту» (SARUD) жобасының бастапқа конференциячы өтті. 

Конференция жұмысын барлық академиялық, академиялық емес және қауымдасқан  жобаның серіктестері қатысты – Германия, Польша, Чехия, Ресей және Қазахстаннан барлығы 24 ұйым

Қостанай мемкелеттік университеті атынан  ҒЖСБ жөніндегі проректоры Жарлыгасов Ж.Б., АБФ деканы Н.Калимов, ал академиялық емес серіктестер атынан ЖСШ «Қостанай АШҒЗИ» Бас директорының міндетін атқарушы Нугманов А.Б. және Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының экономикалық бөлім басшысы Петрухно Т.В. қатысты.

Конференция жұмысы барысында Ресей және ҚР ауыл шаруашылығының жағдаяттық талдауы талқыланды, «Тұрақты даму» терминогоиясы, магистранттарды даярлау бағыты бойынша, модульдер мен пәндердің мазмұны, болашақ магистрлердің негізгі құзыреттер әдістемелерін анықтау бойынша пікірталастар өткізілді, осы бағыт бойынша үздік еуропалық білім беру бағдарламалары таныстырылды.

Қостанай делегациясы атынан «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы ҚР стандарттары» тақырыбына баяндама таныстарылды. Баяндамашы Жарлығасов Ж. Б.

2016 жылы 22 сәуірде конференция қатысушылары үшін ЖАҚ «Омский Бекон» қайта өңдеу саласының флагманына экскурсия ұйымдастырылды.

Жоба аясында А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың 4 оқытушысының еуропалық жоғары оқу орындарында біліктілігін арттыру көзделуде.

________________________________________________________________________________________________________

 

2017 жылдың 1 – 3 ақпан аралығанда А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлкеттік университетінде  Эразмус+ бағдарламасының «Тұрақты ауыл шаруашылығы мен ауылдық аумақтарды дамыту– SARUD» жоба аясында оқу семинары өтті. 

Семинар жұмысына 11 жоғары оқу орындарынан ғалымдар қатысты: 

  

  • Хойенхайм Университеті (Германия, Штутгарт қ.)  – жоба жетекшісі Мартин Дитерих, бағдарламаның әкімшісі Анна Войтенко;
  • Чехия жаратылыс ғылымдары университеті, Прага, (Чехия Республикасы)  – өкілі Михаль Лоштак (онлайн);
  • Варшава жаратылыстану ғылымдарының университеті (Польша, Варшава қ.) – өкілі Аксель Шверк;
  • К.А. Тимирязев атындағы МАША Ресей мемлекеттік аграрлық университеті (Ресей, Мәскеу қ.) – профессор Александр Мерзлов және профессор Наталья Воронцова;
  • П. А. Столыпин атындағы Омбы мемлекеттік аграрлық университеті (Ресей, Омбы қ.) – профессор Нина Казыдуб және Татьяна Мосжерина;
  • Мичурин мемлекеттік аграрлық университеті (Ресей, Мичурин қ.) – өкілдері Галина Короткова және Инна Сергиенко;
  • Филиппов атындағы Бурят ауылшаруашылық академиясы (Ресей, Улан-Удэ қ.) – өкілдері Эржена Имескенова және Елена Очирова;
  • Новосібір мемлекеттік аграрлық университеті (Ресей, Новосібір қ.) – өкілдері Юрий Рыбаков мен Юлия Макурина;
  • С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті.   (Қазахстан, Астана қ.) – бағдарламаның үйлестірушісі Надежда Мелешенко және Наталия Кишко;
  • Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті.  (Қазахстан, Көкшетау қ.) – өкілдері Анаргүл Белгібаева мен Нұргүл Нұрмұханбетова;
  • А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті (Қазақстан, Қостанай қ.) – біздің университет өкілдері Жеңіс Жарлығасов, Ниязбек Калимов, Нағима Сартанова, Вячеслав Годунов, Гүлмира Жарлыгасова, Гүлшат Шайкамал, Елена Кандалина мен Зарина Досмұхамедов.

 

Семинар аясында делегация мүшелері ЖСШ "Садчиковское" кәсіпорындарын аралап және облыстық телеарнасында сөз сөйледі.  Қонақтар ауылдық аймақтардың тұрақты даму саласындағы өнірлік еңбек нарығының  және білікті мамандардың қажеттілігінің талдауы туралы айтты. 

________________________________________________________________________________________________________

 

 

2017 жылдың 27 ақпан мен 10 наурыз аралығында Германия Штуттгарт қ. Хойенхайм университетінде Эразмус+ «Тұрақты ауыл шаруашылығы мен ауылдық аумақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша оқу семинарлары мен тренингтер ұйымдастырылды. Семинар бағдарламасы өте мазмұнды болды және белсенді білім беру нысандары бойынша дидактикалық семинарлар,  сондай-ақ Баден-Вюрттемберг Федералды жер аграрлық білім беру орталықтарында дөңгелек үстерлдерді, «Альпілік жасымық» органикалық фермаларға, Швабтік Альпілер Биосфералық қорығына және «Кезлер шеберлері» и «Альпілік енекелер» аймақтық азық-түлік өндірушілердің кәсіпорындарына, Баден-Вюрттемберг Федералды жер аймақтық азық-түлік маркетинг агенттігіне, ауылдық туризммен айналысатын Фермерлік шаруашылықтарға экскурсияны  қамтыды. 

 

Білім алушылар Хойенхайм университеті және Нюртинген-Гезлинг Жоғары мектебі жайында, аталған оқу мекемелері және ғылыми-зерттеу  станцияларындаға тәжірибеге бағытталған білім беру нысаны жайында толық ақпарат алды.

Семинарға ҚР және РФ университеттерінің өкілдері қатысты:

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті (Астана қ.), Көкшетау мемлекеттік университеті (Көкшетау қ.), Мичурин мемлекеттік аграрлық университеті (Ресей, Мичурин қ.), Новосібір мемлекеттік аграрлық университеті (Ресей, Новосібір қ.), Омбы мемлекеттік аграрлық университеті (Ресей, Омбы қ.) және Бурят ауылшаруашылық академиясы (Ресей, Улан-Удэ қ.).

Осы іс-шаралардың жұмысында А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ атынан «SARUD» бағдарламасының жұмыс тобының мүшелері Калимов Н.Е. и Годунов В.В. қатысты. 


PDF