Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Факультеттің қамқоршылар кеңесі

 

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ республикадағы ең алдыңғы қамқоршылар кеңесін құрушылардың бірі. 2007 жылы Қостанай қаласында қамқоршылар кеңесі білім беру ұйымдарындағы алқалы басқару органы ретінде құрылған және осы жылы заң факультетінде ерікті түрде факультеттің қамқоршылар кеңесі құрылып, оған құқық қорғау органы салаларының бірінші басшылары, маслихаттың, мемлекеттік мекемелердің басшылары және еңбек ардагерлері мүше болып кірді. Кейінгі жылдары осындай кеңес басқа да алты  факультетте құрылды. Олардың құрамына әр факультет мамандығының ерекшелігіне және қызметіне қарай декандар, жұмыс берушілер, басқару органдарының басшылары, құрылымдар, кәсіпорындар мен ұйымдар, қоғамдық ұйымдар қорларының өкілдері және ассоциациялар мүше болып кірді. 

 

Мысалы, заң факультеттің қамқоршылар кеңесінің төрағасы облыс прокуроры, ал оның мүшелері, ал экономика факультетінің қамқоршылар кеңесі өзіне мүше етіп банктер мен ҚР-ның қаржы Министрлігі департаментінің салық басқармасы қызметкерлерін енгізген. Бұл жағдай факультеттердің қамқоршылар кеңестерінің мәселелерді шешуде және факультетің өзінің дамуына кәсіби тұрғыдан үлкен әсерін тигізеді.


Факультеттің қамқоршылар кеңесі  жетекшісінің төрағасы факультеттің қамқоршылар кеңесінің отырысында сайланады. Факультеттің қамқоршылар кеңесінің отырысы жұмыс жоспарына сәйкес жылына бір рет немесе екі рет өткізіледі. Кеңес шешімді өз мүшелерінің қатысуымен ашық түрде көпшіліктің дауысын қабылдайды, қабылданған шешімдер кеңес және ұсыныс түрінде болады. 

 

ҚМУ факультеттерінің  қамқоршылар кеңесінің құрылуы жаңа корпоративтік басқару жүйесіне өтудің негізі болды. Факультеттердің қамқоршылар кеңесінің төрағалары А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ қамқоршылары және түлектердің Ассоциация кеңесі – университеттің жоғары корпаративтік басқару органы құрамына кіреді. 

 

Қамқоршылар кеңесі оқу үрдісіне енгізіліп, сапалы мамандар даярлауда себін тигізді. Бұл жағдай бізге оқу-жұмыс жоспарын жетілдіруде, элективтік пән каталогының еңбек нарығы талабына сай болуына, тәжірибелік базаның, кәсіпорындарда кафедра филиалының құрылуына, студенттерге сабақ жүргізуде, ПОҚ –тағы жетекші мамандардың университет қабырғасында ғана емес, сонымен қатар өндірісте де болуына үлкен көмек көрсетуде. Қазіргі таңда біздің студенттер тәжірибелік дағдылар мен білімді БАҚ арқылы меңгеріп қоймай, сонымен қатар  білікті құрылымдарда, банк филиалдарында, кәсіпорындарда білімдерін бекітеді  және кәсіпорындарда тәжірибе өтеді, дипломдық жұмыс жазады, соның нәтижесінде  жақсы жұмыс орындарына орналасады. 

 

ЖОО жұмыс берушімен өзара қарым-қатынасты дамытудың арқасында коммуникация мәселесі бойынша, келісім жүргізе алу, команда болып еңбек ету, жұмыстан тыс бейімделу (іскери этикет) мансаптық басқару, мансап құзыреттілігі диагностикасы, мансап портфолясын жасау, кәсіби тұрғыда түйіндеме құрастыру, сонымен қатар еңбек нарығындағы жастардың шолуы, (бәсекеге қабілетті тұлға психологиясы) туралы оқу курстарын енгізді. Қостана қаласындағы БАҚ-тың жетекші редакторлар клубы пікірін басшылыққа ала отырып, «журналистика» мамандығының білім беру бағдарламасына «Әлеуметтік журналистика», «Заманауи газетінің дизаины», «Журналистік тергеу» пәндері енгізілді. 

 

Қамқоршылар кеңесінің мүшелері болып саналатын облыстық БАҚ-тың жетекші редакторының ұсынысы бойынша студент-журналисттердің сабақ кестесінде «шығармашылық күн» беріліп, студенттердің тәжірибелік жұмысы БАҚ-пен  тікелей байланыста болуына өз септігін тигізіп отыр.  Айталық, сақтандыру компанияларының басшыларымен кездесу барысында облысымызда сақтандыру ісі бойынша актуарлық есеп негізі білімімен мамандар даярланбайтыны анықталды. Осыған байланысты элективті пәндер каталогында «математика» мамандығында» « сақтандыру және актуарлық математика» атты жаңа қызықтырарлық бағдарлама пайда болды. Сақтау компанияларының басшылары студенттерімізді практикаға қабылдайды, ал олардың мамандары элективті пәндерден дәріс оқуға шақырылады.  

 

 

Председатели  попечительских советов факультетов

 

Т.А.Ә.

Лауазымы

Факультет

1

Астафьев Владимир Леонидович

ЖШС ‘’ҚазНИИМЭСХ Қостанай филиалының директоры’’

 

Инженерлік-техникалық факультет

2

Дандыбаев Бахатур Алимбаевич

Секретариат меңгерушісі, Қазақстан халқының облыстық Ассамблеясының төрағасының орынбасары

Гуманитарлық-әлеуметтік факультет

3

Жумашев Мираш Жумашевич

‘’Ұлттық банк’’ МБ Қостанай филиалының  директоры

Экономикалық факультет

4

Иманбаев Төлеген Касымханович

ҚР Қостанай облыстык аймақтық инспекциясының және ҚР НМСХ бастығы

Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультеті

5

Кайбжанов Марат Жолмагамбетұлы

Қостанай облысының прокуроры

Заң факультеті

6

Темирханов Хаджимурат Жумабекович

‘’Қазтелеком’’АҚ Қостанай облыстық филиалының  бас директоры;

 

 Ақпараттық технологиялар факультеті

7

Филипов Федор Ильич

 

Қостанай облысының әкімдігінің ауыл шаруашылық басқармасының  жетекшісі

Аграрлық-биологиялық факультет

8

Харченко Сергей Васильевич

‘’Костанайские новости’’ бас редакторы, директоры

«Журналистика» мамандығы


PDF