Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жұмыс берушілермен айрықша маңызды кездесулер күнтізбесі

 

ҚМУ қамқоршылары мен түлектерінің Қауымдастығының екінші Форумы (23 қазан 2014 ж.) 

2014 ж.  23 қазанда А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ қамқоршылары мен түлектерінің Қауымдастығының екінші Форумы өтті. Білім беруді жетілдіру сұрақтарын  талдауға әр жылғы түлектер, мемлекеттік мекемелердің, ірі өндіріс орындары мен бизнес-құрылымдардың басшылары,   қамқоршылар кеңестерінің мүшелері  ат салысты.

Форумның жұмысына Қостанай облысының әкімі  Н.М. Садуақасов, ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Нюсупов С. Н., Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің АӨК-ні ғылыми және кадрлық қамтамасыз ету департаментінің директоры Қаджыбекова А. Е., Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары  Аман Е. И., Қостанай қаласының әкімі, ҚМУ қамқоршылары мен түлектері Қауымдастығы Кеңесінің төрағасы Ахметжанов А.М., Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары Қауымдастығының  вице-президенті Абишев А. А., ҚМУ Қамқоршылар мен түлектер Қауымдастығы Кеңесінің,  университет профессорлары кеңесінің мүшелері, факультеттер қамқоршы кеңестерінің төрағалары, мемлекеттік мекемелер мен бизнес-құрылымдардың, ұймдардың басшылары, университет түлектері, басшылар, декандар, ПОҚ және А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ 3-5 студенттері қатысты.


Білікті мамандарды дайындауда мемлекет, жоғары оқу орны мен бизнестің ролі бірдей маңызды екенін түсіне отырып, Форумға қатысушылар университетпен түрлі әрекеттестік байланыста болуға,  тәжирибелік машықтарды белгілі нысанға келтіруде жоғары технологиялық өндірістік база беруге, оқу бағдарламарын құруға қатысуға, талантты жас ғалымдар мен дарынды студенттерді қаржыландыруға, ғылыми жобаларды өзара жүзеге асыруға дайын екендіктерін растады.   

Форум шеңберінде Қостанай облысының әкімі  Н.М. Садуақасовтың қатысуымен ҚМУ қамқоршылары мен түлектері Қауымдастығы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізілді. Отырыста ҚМУ ректоры Наметов А.М. «Тәжрибеге-бағытталған оқыту  – қазіргі білімнің басты векторы» атты баяндамасында қазіргі білім берудің мәселелерін көтеріп, оның мүмкін болар шешу жолдарын, сонымен қатар «мемлекет – бизнес - ЖОО» форматында білікті, сұранысты мамандарды  дайындаудың әрекеттестік бағыттарын белгіледі.

 

Екінші корпуста, Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Аман Е.И. қатысуымен бос орындар жәрмеңкесі қызу өтті. Жәрмеңке статистикасы - 100-ден артық жұмыс берушілер, 1000-нан артық қатысушылар, жұмыс берушілердің есебінен мақсатты мамандар дайындау туралы 24 шарт.

 

Жалпы жиналыста ҚМУ-нің ректоры Наметов А.М «Форумнан форумға дейінгі аралықтағы университет ұжымының жетістіктері және стратегиялық мақсаттар» атты баяндама жасады.   2012 жылдың мамырында  I форум өтсе, 2012 жылдың 7 желтоқсанында  Қостанай облысының әкімі  Н.М. Садуақасовтың қатысуымен ҚМУ қамқоршылары мен түлектерінің Қауымдастығының аймақтық Форумы өткізілді.    Сондықтан ҚМУ–де тағы да  бір  жаңаша дәстүр жалғасын тауып – қалың жұртшылықты, мемлекеттік органдардың басшыларын  және бизнес өкілдерін форум өткізуге тарта білді.

Марапаттау рәсімі болды. Университет Ахмета Байтұрсынов орденімен, университет қызметкерлері Ауыл шарушылығы, Мәдениет,  Білім және ғылым министрліктерінің, Қазақстан жоғары оқу орындары ассоциациасының  төс белгілерімен  және облыс әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды.

 

Жиын қорытындысында Форумға қатысушылар Қазақстан Республикасының дамуына, экономиканың  нақты секторында жұмыс істейтін жастарды кәсіпкерлік дайындау үрдісіне қызу қатысуға  бизнес-одақтады шақырып оларға арналған  арналған Үндеу қабылдады.   

 

 

Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ түлектері мен қамқоршыларының II Форумына қатысушылардың Үндеуі

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан -2050» стратегиясы» Қазақстан халқына Жолдауында, Қазақстан Республикасын 2015-2019 жылдарда индустриялы-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасында және басқа бағдарламалық құжаттарда алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындау кадрлар әлеуетін  дамытпайынша қол жетпейтін белес болып қала бермек. Мемлекет басшысының сөздерінде дуальды оқыту жүйесін ескере отырып еңбек нарығында білім берудің тәжірибелік-бағдарлық бағытын айтарлықтай нығайту міндеті қойылып отыр.

Мемлекет басшысы Қазақстанды модернизациялаудың табысының негізі ретінде серіктестік принципін ұсынған болатын. Барлық жұмыс мемлекеттің, бизнестің және азаматтардың өзара тығыз байланысы негізінде құрылуы қажет.

Бірлескен күш-жігер арқылы ғана «мемлекет-білім-өндіріс» сапасын жақсартып, мамандар даярлаудың қалаулы деңгейіне қол жеткізуге болады, екі жаққа бірдей жауапкершілік дуальды білім берудің басты факторы болып табылады.

Қостанай облысы әкімдігінің қолдауымен құрылған Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ түлектері мен қамқоршыларының облыстық Кеңесі бұл бағытта қазірдің өзінде белгілі жетістіктерге қол жеткізді. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік дамуда, жұртшылық пен өндіріс мамандарын білім беру сапасын басқаруға және бәсекеге қабілетті кадрлар даярлауға жұмылдыру механизмдері қалыптасып келеді.

Біздер, Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ түлектері мен қамқоршыларының Форумына қатысушылар, әлеуметтік серіктестіктің маңыздылығын терең түсінеміз және қолдаймыз, баршаңызды еліміздің, аймақтың экономикасына ауадай қажетті лайықты кадрлар даярлауға бағытталған күштеріңізді  біріктіруге шақырамыз.

Бизнес қауымдастықтарын кадрларды кәсіби  даярлаудың барлық үрдісіне – жоғары оқу орнын корпоративті басқару органдарынан бастап білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға дейінгі барлық салаға қатысуға және жоғарғы технологиялық өндіріс  базаларын беруге шақырамыз.

Әрбір кәсіпкердің міндеті  «мемлекет-білім-өндіріс» байланысын нығайтуға өз үлесін қосу туралы Елбасының шақыруына үн қосу. Ең бастысы – біздің міндетіміз ортақ және мақсатымыз бір – гүлденген, тәуелсіз Қазақстан.

Форумға қатысушылар осы Үндеуді  барлық бизнес қауымдастықтары түсіністікпен қабылдайды және «Бизнес–ЖОО» форматындағы әріптестікке қосымша серпін беріп, жұмыс берушілердің нақты өндіріс шарттарына қажетті өкілетті мамандарды қалыптастыру үрдісіне араласуын кеңейтуге мүмкіндік  береді деп сенеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Форумға қатысушылардың Үндеуі

 

 

 Облыстық вакансиялар жәрмеңкесі-2013 (5 сәуір, 2013 ж.) 

 

 

2013  жылдың 5 сәуірінде Қостанайда А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің базасында Қостанай облысының әкімі Сәдуақасов Н.М. қатысуымен дәстүрлі «Облыстық вакансилар жәрмеңкесі-2013» өтті.

 

Нарық инрақұрылымының, халық, көлік пен байланысқа тұрмыстық және сервистік қызмет көрсету ұйымдарының жұмыскерлеріне де тұрақты сұраныс болады деп болжануда, - деп айтты Нұралы Сәдуақасов. – Менеджмент пен шаруашылық қызметтің талдауы облысында тікелей қызмет атқаратын мамандарға деген сұраныс айтарлықтай жоғарылайды. Қоғамның ақпараттық жағынан даму процесіне орай, компьютерлік технологиялар мен техникалық орындауыштармен жұмыс істей алатын білікті мамандарға да сұраныс көбейеді. Сол себепті мен, өз тарапымнан, жас түлектерге сәттілік тілеймін.

 

Вакансиялар жәрмеңкесіне әр түрлі кәсіпорындардың өкілдерікелді – өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, телебайланыстық. 100-ге жуық жұмыс берушілер ұсынылды. Олардың ішінде «Иволга-Холдинг» ЖШС; «Казахтелеком» АҚ және көптеген басқа ұйымдар қатысты.

 

Облыс жоғары оқу орындарының түлектері мен студенттері жұмыс табуға мүмкіндік алды. Жас маманға өз жұмыс орнын табуға, ал облыс ұйымдары мен мекемелерінің басшыларына штаттарын білікті кадрлармен толықтыруға көмектесу – осы тектес іс-шаралардың басты мақсаты.

 

Әрбір қалаған адам кез-келген жұмыс берушіден жұмысқа орналасу тәртібі жөнінде ашық сұрап біле алды. Студенттер мен потенциалды жұмыс берушілер бір-бірімен қарым-қатынас орната алды, ал бүгінгі жәрмеңкенің арқасында, олардың бір қатарына жұмыс табылды, ал жұмыс берушілердің кейбіреуі жас маманды иеленді. Жәрмеңке барысында ұйымдастырушылар айтып кеткендей, дәл сол жерде келісімшарттар жасалып, кәсіпорындардағы келіссөздердің мерзімдері белгіленіп жатты. Вакансиялар жәрмеңкесі жұмыс табудың шынымен де нәтижелі тәсілі екендігінің айқын көрсеткіші – жұмыс берушілер мен түлектер арасында қол қойылған 77 келісімшарт бола алады.

 

 


 

Қостанай ауданының әкімдігі мен бизнес-бірлестігімен кездесу (4 сәуір, 2013 ж.)

 

 

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің экономикалық факультет корпусында  4 сәуір күні Қостанай ауданының мемлекеттік құрылымдары мен бизнес-бірлестіктерінің басшылары мен университет соңғы және оның алдындағы курс студенттерімен кездесу өткізілді. Бұл іс-шара мемлекеттік-жеке серіктестіктің даму  аясында өткізілді, яғни ҚМУ ауылшаруашылық мамандықтарының практикалық ғылымының дамуы мен жұмыспен қамтамасыз етілунің проблемаларына назар аударылды.

 

Кездесу көрсеткендей, ауданның көптеген кәсіпорындарында кадрлардың өткір жетіспеушілігі секзіледі. Берілген мәселені шешу мақсатында университет басшылығы аграрияларға өздеріне қажетті мамандықтарға білім алып жатқан университет студенттерін үздіксіз практикаға алуға ұсыныс жасады, олардың білімдерін өндіріске жақындатып, университет өз тарапынан сәйкес курстар мен білім беру бағдарламаларын  жетілдіру арқылы ол студенттерге білімдердің қажетті теориялық бөлігін беріп, дәл осы кәсіпорынға қажетті дағдыларға үйретуге шешім қабылдады.

 

Іс-шараның аяғында, университет ректоры Наметов А.М. пен Қостанай ауданының әкімі Ахметжанов А.М. тараптарынан универсиет пен Қостанай ауданының әкімдігінің серіктестігі жөніндегі меморандумға қол қойылды. Одан кейін, түлектердің бірқатары, кәсіпорындар басшылары мен университет арасында берілген кәсіпорындарға арнап студенттерді мақсатты оқыту жөніндегі келісімшарттар жасалды, бұл жағдайда кәсіпорын студенттердің соңғы курстары үшін оқу ақысын төлеп, түлектерді жұмыспен қамтамасыз етуге кепілдік береді. 


 

 

 

 

ҚМУ түлектері мен қамқоршыларының Форумы (7 желтоқсан,  2012 ж.) 

 

 

 

Жоғары оқу орындары мен жұмыс берушілердің арасындағы серіктесік жөнінде, ғылым мен өндірістің өзара әрекет етудің қажеттілігі, жас мамандардың жұмыспен қамтамасыз етілуі туралы мәселелер ҚМУ қамқоршылары мен жұмыс берушілердің аймақтық Форумында қозғалды, ол Форум Қостанай облысының әкімі Сәдуақасов Н.М. қатысуымен А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде 2012 жылдың 7 желтоқсанында өткізілді. Форумға жұмыс берущілер, ҚМУ басшылары мен университет факультеттерінің қамқоршылық кеңесерінің мүшелері, облыстық басқармалар мен департаменттердің өкілдері, бақылау мен құқық қорғау органдары, университеттің магистранттары мен соңғы курстарының студенттері, БАҚ, барлығы әр тектес қызмет салаларын ұсынушы қамқоршылар мен жұмыс берушілердің 280-нен астамы қатысты. ҚМУ ректоры Наметов Асқар айтып кеткендей, жоғары оқу орындары қазіргі таңда ұжымдық басқаруға қарай бет бұруда. Жұмыс беруші еңбек нарығында қандай мамандар жетіспей жатқандығы жөнінде кеңес бере алады, және білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға әсерін тигізе алады.

 


 

 

 

Форумның басты мақсаты – жоағары оқу орнының қызметкерлері, билік, жұмыс берушілер мен қарқынды ойлайтын студенттік жастар арасында тірі диалогтың құрылуы. Форум барысында шынайы және қызықты диалог құрылып, оның барысында облыс әкімі студенттер мен магистранттардың көптеген сұрақтарына толықтай жауап берді, ол сұрақтар көбінесе облыстық еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар, білім беру гранттары, инновациялық қызметті, әр тектес байқаулар, көрмелерге қатысу арқылы жас оқытушылардың шығармашылық бастамаларын қолдау жөніндегі мемлекет саясаты жөнінде қойылды. Облыс басшысы еліміздің экономикалық жағынан қарқынды дамуына байланысты, жоғары оқу орындары бәсекеге қабілетті білікті мамандарды даярлау қажеттілігі туралы айтып кетті.

 

Форумның жұмысы кезінде вакансиялар жәрмеңкесі болып өтті, онда жұмыс берушілер болашақ мамандарға бос лауазымдардың бар екені жөнінде мағлұмат беріп, түйіндемелерді жинады, алдын ала келісімшарттар жасады,  және де А.Байтұрсыов атындағы ҚМУ жетістіктері – отандық ғылымның даму аясында мамандырылған экперттер, ғалымдардың жұмытары көрсетілген көрме өткізілді. 

 

 

 

 

Форум нақты жұмыс берушілер мен студенттер – болашақ жас мамандар арасында жасалған жұмысқа қабылдау туралы келісімшарттар қатарына қол қоюмен аяқталды. Кәсіпорындар мамандарды өз тарапынан оқытуға келісті, ал кейіннен олаады қызметке алады. Айтпақшы, университетте қол қойылған осы тектес келісімшарттар қатары қызмет атқаруда. 

 

 

 

 

 

ҚМУ түлектері мен қамқоршыларының тұңғыш Форумы (12 маусым, 2012 ж.) 

 


2012 жылдың 12 маусымында А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ түлектері мен қамқоршылары Ассоциациясының тұңғыш Форумы өткізілді, оған Қазақстан, ТМД және Германия елдерінің барлықбөліктерінен 350-ден артық адам – әр түрлі кезеңдегі универсиет түлектері, оның ішінде ірі ұйымдардың, мемлекеттік мекемелер мен бизнес-құрылымдардың басшылары жиналды, және де ол форумға факультеттердің қамқоршылық кеңестерінің мүшелері, оқу кеңесі мен университет прфессорлар кеңесінің    мүшелері, Ұлы отан соғысы мен еңбек ардагерлері, жастар ұйымдары, 2012 жылдың түлектері қатысты.

 

Бұл коммуникативтік алаң университет пен әр жылғы түлектермен, жұмыс берушілермен, бизнес-бірлестік пен билікпен әрекет ете отырып, жас мамандарға өз талаптары мен кәсіпкерлік қабілеттерін жүзеге асыруға зор көмегін тигізеді. Форум қатысушылары университетпен әр тектес байланысқа түсуге дайын екендерін білдірді, оның ішінде ғылыми жобаларды бірігіп жүзеге асыруға, дарынды студенттер мен жас ұстаздарға  қаржылық көмек беруге, материалды-техникалық базаны нығайтуға, оқу-тәрбиелік процеске қатысуға, ғылыми және өндірістік тапсырыстарды орнатуға келісті.


 

 

 

 

Форумда А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ түлектері мен қамқоршылары Ассоциациясы жөніндегі Қаулы бекітілді, Форум қатысушыларының университеттің барлық түлектеріне Ассоциация мүшесі болуға Үндеуі қабылданып, ол корпоративтік рухты нығайтуға, университеттің керемет дәстүрлерін дамытуға, экономиканың шынайы салаларында жұмыс атқаруға лайықты кадрларды даярлау процесіне айтарлықтай септік тигізетіні белгіленді.

 

Форумда ҚМУ түлектері мен қамқоршылары Ассоциациясының Кеңесі тағайындалды, ол Ассоциацияның басқарушы органы ретінде тұрақты негізде қызмет атқарушы болады, оны Қостанай облысы әкімінің орынбасары С.Ч. Бектурганов басқарады. Ассоциация Кеңесінің мүшелері болып ірі корпорациялар, холдингтер, акционерлік қоғамдардың алғашықы 14 басшысы тағайындалды. ҚМУ түлектері мен қамқоршылары Ассоциациясы қызметінің міндеттерін орындау үшін Университеттің даму фонды құрылды, оның қаражаты студенттерді мақсатты түрде оқытуға, ғылыми зерттеулерге қолдау жасауға, университеттің инфрақұрылымын жақсартуға, кадрлық потенциалды дамытуға, оқу процесін жетілдіруге және таға да өзге қажетті заттарға қолданылмақ.    

 

Одан кейін, форумның көптен күткен бөлігі келіп жетті – барлық түлектер өздерінің факультеттері бойынша тарап, өз оқытушыларымен кездесіп, бір-бірімен ашық түрде араласып, сөйлесуге мүмкіндік алды.


PDF