Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Ішкі порталдағы хабарламалар

«Ғылымның өзекті мәселелері» – Халықаралық практикалық интернет- конференциясына қатысу туралы  «Ғылымның өзекті мәселелері» – Халықаралық практикалық интернет- конференциясына материалдар мен өтініштерді қабылдау ашық екенін жариялаймыз! Конференция ғылыми жетістіктер мен ғылымды дамытуға қатысты өзекті мәселелер бойынша кең пікір алмасуды қамтамасыз етуге бағытталған. Авторлардың шығармашылық зерттеулерінің нәтижелері электронды форматта жинақ ретінде жарияланады. Өткізілетін күні 22-қараша 2019 ж. http://sc.edu.gov.kz/main/announcements/6079/
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменте «Жасыл экономиканы» қолдау жэне G-Clobal-ды дамыту коалициясының үйымдастыруымен «Жасыл офис 2019» Республикалық конкурсы өтетінін хабарлайды. Конкурстың негізгі мақсаты - энергия-су жэне ресурс үнемдруді насихаттау, экологиялық технологияларды, тауарлар мен қызметтЬрді ілгерілету, сондай-ақ қоршаған ортаға үқыпты қарауға бағытталған жұКіыс үшін қолайлы жағдайлар жасауға жәрдемдесу. Аталған конкурсқа қатысу үшін ағымдағы жылдың 20 тамызына дейін greenkaz.kz@gmail.com электрондық адресіне өтінім білдіру қажет екенін, сондай-ақ, қосымша ақпарат алу үшін +77172999408 номері арқ&ілы хабарласуға болатынын атап өтеміз. Конкурсты өткізу ережесі Қатысушының сауалнамасы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі  - ҚР БҒМ) ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша («Мәңгілік ел» ғылыми негіздері (XXI ғасырдың білімі, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер; Энергетика және машина жасау; Табиғи, оның ішінде су ресурстарын тиімді пайдалану, геология, қайта өңдеу, жаңа материалдар мен технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен құрылымдар; Өмір және деңсаулық туралы ғылымдар; Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар, жаратылыстану ғылымдар саласындағы ғылыми зерттеулер; Агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуы және ауылшаруашылық өнімнің қауіпсіздігі; Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс және Конкурстық құжаттамаға сәйкес мамандандырылған ғылыми бағыттар бойынша 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар (іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер) бойынша гранттық қаржыландыруға конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды. Жоба жетекшісі және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолымен расталған конкурстық өтінімдер БҒМ Ғылым комитетіне электрондық түрде «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі арқылы беріледі, https://is.ncste.kz сілтеме арқылы. Өтінімдерді қабылдаудың соңғы күні – 2019 жыл 12 тамыз, сағат 18:30-ға дейін. Конкурстық құжаттама
Республикалық өнертапқыштар байқауы РМК "Ұлттық зияткерлік меншік институты» № Бөлімдер Сипаттамасы 1 Конкурстың мақсаты: Зияткерлік меншіктің рөлін арттыру; өнертапқыштық қызметті насихаттау   2 Конкурстың міндеттері:   Өнертапқыштық қызмет туралы жұртшылықтың хабардар болу деңгейін арттыру 3 Өтінім беру мерзімі (бейнероликтер)):   2019 жылғы 26 сәуірден 26 тамызға дейін   4 Қорытындылау   2019 жылдың қазаны 5 Дауыс беру   2019 жылғы 1 қыркүйектен 10 қазанға дейін. 6 Байқауға қатысушылар 2018 жылы берілген өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге қолданыстағы патенттердің Қазақстан Республикасының құқық иеленушілері Қатысу шарттары  1-қадам-оның мәнін ашпай, өзінің өнертабысы (пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгі) туралы ұзақтығы 3 минутқа дейін бейнероликті түсіру; 2-қадам- YouTube порталына роликті салу және сайтта онлайн-өтінім беру кезінде бейнероликке сілтемені көрсету; Ескертпе: YouTube-да бейнероликті орналастыруда мәселелер туындаған жағдайда дайын роликтерді "ҰЗМИ" РМК мекен-жайына немесе электрондық мекенжайға жіберу мүмкіндігі беріледі. shapagat@kazpatent.kz "Шапағат"байқауына арналған белгімен. 3 – қадам - құпия ақпаратты жария етпеу туралы және патент иеленушінің (автордың) өзінің бейнероликте орналастырылған ақпарат үшін жауапкершілігі туралы алдын ала арнайы келісімге қол қойып, онлайн-өтінім беру. Бейнероликке ұсыныстар: ролик өнертабыстың жаңалығы мен өзектілігі; әлеуметтік маңыздылығы; өзін-өзі ақтауы; рентабельділігі; мақсатты аудитория; құрылған немесе құрылатын жұмыс орындарының саны және т. б. туралы ақпаратты қамтуы керек. Байқауға қатысушылар назарына! Байқаудың ұйымдастырушылары бейнероликтің мазмұны үшін жауапты болмайды! Интернет пайдаланушылардың ең көп дауысын алған финалистер дипломдармен және "Шапағат"мүсіндерімен марапатталады.
Құрметті әріптестер, докторанттар, магистранттар. студенттер!   Сіздерді Халықаралық, Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, байқауларға қатысуға шақырамыз.   Конференциялар тізімі (жүқтеп алу)
17
июн 
2019
    2019 жылғы 19 маусымда сағат 16:00-да бас ғимараттың мәжіліс залында ҒТК отырысы өтеді.   Күн тәртібі: 2019-2020 оқу жылына ҒТК жұмыс жоспарын ҒЖжИ жөніндегі проректорымен А.Б. Бекмағамбетовпен талқылау.   ҒТК барлық мүшелерінің келуі міндетті.
1 2 3