Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Конференциялар, семинарлар, симпозиумдар

Ахмет  Байтұрсынов  атындағы  Қостанай мемлекеттік университетінде  2016 жылдың 15-інші сәуірінде  Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздігінің  25 жылдығына  арналған  «Ғылым, өндіріс, бизнес: қазіргі жағдайы мен елдің инновациялық даму жолы» тақырыбындағы  жыл сайын өтетін  «Байтұрсынов оқулары - 2016» халықаралық ғылыми - практикалық конференциясы өтті.

Осы өткен конференцияға Туркия, Шотландия, Ресейден келген қонақтар қатысты: Иззет Акча - доцент, философия докторы (РhD), Ридван Кизилкайя - профессор, философия докторы (PhD),Гэвин Слейд - доцент, философия докторы (PhD), Абиль Е.А. – тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚМПИ ректорының м.а, Исмуратов С.Б. -  М.Дулатов атындағы ҚИНЭУ-дың ректоры, Джаманбалин К.К. - З.Алдамжар атындағы ҚӘТУ ректоры, Кызылов М.А. – ҚР ӘМ ҚАЖК Академиясының ректоры, Найзабеков А.Б. - РИИ ректоры, Тюлегенова Р.А. – «Челябі мемлекеттік университеті» Қостанай филиалының директоры 

 

 

 

Халықаралық ғылыми - практикалық конференциясының бағдарламасына сәйкес алты бөлімнен құрылды:

    -    Заң ғылымдарының өзекті мәселелері.

    -    Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық дамуының қазіргі тенденциялары

    -    Әлеуметтік-гуманитарлық білім беру мен ғылымның өзекті мәселелері;

    -    Ғылым, білім беру және практикада ақпараттық  технологиялардың даму жолдары;

    -    Жаратылыстану ғылымдарының   болашағы мен негізгі даму бағыттары

    -    Қазақстанның АӨК инновациялық дамуы: ауылшаруашылық, ветеринарлық және техникалық  ғылымдардың даму тенденциялары

 

 Конференция барысында келесі іс-шаралар өткізілді: 

  • Мәңгілік Ел ұлттық идеясы – қазақстандық білімнің негізі Круглый стол «Национальная идея Мәнгілік» дөңгелек үстелі  ;
  • Қостанай өңірінде инновациялық кәсіпорын өкілдерін қатыстыруымен Мемлекеттік бағдарламасының индустриалдық инновациялық дамуының мәселелері мен жолдары» дөңгелек үстелі;
  • Ғылым және әлеуметтік-гуманитарлық білімінің өзекті сұрақтары» online-секциясы;
  • Тәуелсіздік кезеңдері: Қостанай –Торғай өңірінің зиялылары» дөңгелек үстелі; 

 Конференцияға  ҚР БжҒМ, алыс шетел жоғары оқу орындары, Қостанай облысы әкімшілігі, Қазақстан мен шетелдік ғылыми және педагогикалық қауымының  басшылары белсене қатысты.

 

 

 

Жинақта жарияланған мақалалар тізімі: 1-інші бөлім, 2-нші бөлім, 3-інші бөлім.

 

 

 

                                                                                

 

2014 жылдың 25 сәуірінде университеттің 75-жылдығына арналған, дәстүрлі «Байтұрсынов оқулары - 2014» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция «XXI ғасыр басындағы Қазақстан білімі мен ғылымы: проблемалар, ізденістер, шешімдер» тақырыбында өтті.

 

 Дәстүр бойынша, «Байтұрсынов оқулары» соңғы жылдары ғылымның маңызды мәселелерін талдау үшін, әлемнің әр түрлі елдерінің ғалымдарын жинайды.

Осы конференцияның жұмысына 14 шетелдік қонақ қатысты: Анна Макерова – Париж университеті, Франция; Марио Джорджио – Пиза университеті, Италия; Шандор  Макаи  – Батыс Венгрия университеті, Венгрия; Ян Мичински –  Вармия және Мазур университеті, Польша; Дитер Мейснер мен Юлия Коис  – Таллин технологиялық университеті, Эстония; Крак Юрий Васильевич – Тарас Шевченко атындағы Киевтің ұлттық университеті, Украина; Федоров Александр Иванович – Оралдың мемлекттік дене шынықтыру университеті, РФ;  Анаркулов Хабибулла Файзуллаевич – Қырғыз мемлекттік заң академиясы? Қырғызстан; Умеров Рафаэль Абдурашитович – ООО «Тезлатгич», Өзбекстан; Есмагамбетов Кенжибек Куанович – Қорган МАША, РФ; Загоруйко Анастасия Юрьевна және Невская Александра Алексеевна – Орал ғылыми-зерттеу ветеринарлық  институты, Екатеринбург қ., РФ; Кабирова Вера Александровна – Башқұрт  мемлекттік университеті, РФ.

Ғылыми форум  бағдарламаға сәйкес, жеті бөлімнен құралды. Оларда ауылшаруашылығының, ветеринарлық, техникалық және табиғи ғылымдардың өзекті мәселелері,  гуманитарлық ғылымның дамуы,  құқықтық мемлекеттің проблемалары мен  оны жетілдіру жолдары қарастырылды:

  1. Заң ғылымының көкейкесті сұрақтары
    1. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының заманауи  үрдістері: проблемалары, болашақтары
    2. Әлеуметтік-гуманитарлық білім мен ғылымның көкейкесті проблемалары
  2. Мамандарды кәсіби дайындаудың психологиялық- педагогикалық аспекттері
  3. Білім, ғылым және тәжірибеде ақпараттық технологиялар дамуының болашақтары  
    1. Қазақстан АӨК инновациалық дамуы: ауылшаруашылық, ветеринарлық және техникалық ғылымдар дамуының проблемалары  
    2. Табиғи ғылымдар дамуының үрдісі мен болашағы

 

Конференция шеңберінде келесі шаралар өткізілді:

- ЖОО ректорларының Аймақтық кеңесінің отырысы;

- Студенттер, магистранттар және жас зерттеушілердің «Заманауи лингвистика мен лингводидактиканың көкейкесті проблемалары» атты  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция;

- «Спорттық ғылым мен білім: жобалық әрекеттестік тәжірибесі» атты дөңгелек үстел;

- «Археологиялық ғылымның заманауи проблемалары» атты дөңгелек үстел.

Ақырғы мәжілісте бөлім және семинарлар төрағалары қорытындылар жасады, барлық бөлімдердің жұмыстарының нәтижесін және олардың ұсыныстарын жинақтаушы   Қарар , қабылданды.

 Конференция басталғанға дейін   3 бөлімнен тұратын ғылыми мақалалар мен материалдар жинағы  шықты

 

     

 

2013 жылдың 12 сәуірінде Ғылым қызметкерлер күні  университетте «Современная наука: проблемы и ключевые ориентиры в условиях Стратегии «Казахстан - 2050» тақырыбына  «Байтурсыновские чтения-2013» Халықаралық ғылыми –практикалық конференция өтті.  

 

Дәстүрлі «Байтурсыновские чтения» бірнеше жыл бойы ғылымның ең маңызды мәселелерді талқылау үшін  түрлі елдерден ғалымдарды жинайды. Биылғы жылы конференция жұмысында жақын және алыс шетелден келген ғылыми және педагогикалық жұртшылығы қатысты: Лозовицка Божена – Өсімдіктерді қорғау Институтының директоры, PhD докторы, профессор (Белосток қ, Польша); Альбина Анюлене – Литва Денсаулық ғылымдар университетінің факультет деканы, Ветеринариялық академия, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор (Литва); Козарев Николай Дончев – Химиялық технология және металлургия университетінің  доценті, т.ғ.д. (Болгария); Зейдель-Петри Сигрун - PhD докторы, аға сарапшылар қызметінің аға сарапшысы (Германия); Уварина Наталья Викторовна -Южно-Уральск мемлекеттік университетінің профессоры, п.ғ.д. (Челябі, Ресей); Шпак Наталья Анатольевна – Уральск мемлекеттік ағаш техникалық университетінің  инновациялық даму және халықаралық байланыс жөніндегі проректоры,  э.ғ.к. (Ресей);  Анаркулов Батырбек Хабибулаевич – Қырғыз мемлекеттік заң академиясының доценті, п.ғ.к. (Бишкек қ, Қырғызстан); Попов Николай Александрович – УГУФК экономика институтының директоры, э.ғ.д.(Челябі, Ресей); Латфуллин Юнир Рифович – Башқұрт мемлекеттік университетінің профессор, э.ғ.д. (Уфа қ., Ресей).

 

 

Ғылымифорум ауылшаруашылық, ветериялық, техникалық және табиғи ғылымдарының маңызды мәселелерін,  гуманитарлық ғылымның дамуы, құқық мемлекетінің жетілдіру мәселелері мен жолдарын талқылап,  жеті секция бойынша жұмыс жасады.

Конференция шеңберінде «Модульно-компетентностный подход и его реализация в формировании образовательных программ высшего и послевузовского образования» тақырыбына Н.Ф.Катанов атындағы  Хакассия мемлекеттік университетімен онлайн-семинар және де «Ахмет Байтурсынов и казахское общество» атты дөңгелек үстел өтті.

Қорытынды отырыста секциялар және  и семинарлар төрағалыры қорытындылар жасады. Баяндамалармен 100-ден астам оқытушылар және  и магистранттар сөз сөйледі. Конференция алдында көлемі 2 бөлімнен-35 т.б. материалдар және ғылыми мақалалар жинағы басылып  шығарылды.  

 

 

Жинақта жарияланған мақалалар тізімімен осында танысуға болады:  1 бөлімі 2 бөлімі


PDF