Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Студенттік ғылым

Университетте студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы білікті мамандарды дайындаудың ажыратылмас бөлігі бірыңғай процесінің ажырағысыз жасайтын бөлігі болып табылады: оқу-тәрбиелік және ғылыми-инновациялық.

 

Университетте студенттердің ғылыми жұмысы университеттің ғылыми-зерттеу жұмысының жоспарына сәйкес жүзеге асырылады (СҒЗЖ). Жоспарлар кафедра және факультеттердің СҒЗЖ жоспарына негізделген.

 

СҒЗЖ тікелей үйлестірумен қамтамасыз ететін орган ҚМУ-дың СҒЗЖ Кеңесі болып табылады, құрамына барлық факультеттерден  студенттер санынан  15 мүше кіреді. 

 

СҒЗЖ негізгі мақсаты факультеттер және университет деңгейінде студенттердің ғылыми жұмысы үйлесімді болып табылады, барлық курстарда оқитын студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына қатыстыру, СҒЗЖ және студенттердің оқу-зерттеу жұмысымен байланысты шаралар ұйымдастыру және өткізу( СОЗЖ).  

 

Жыл сайын университетте СҒЗЖ барлық түрлерінде орташа алғанда 830 студент қатысады, бұл күндізгі бөлімінде оқитындардың  20% құрайды. ҚМУ-да студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі түрлері: ғылыми конференцияларда баяндамалар, барлық деңгейлеріндегі  ғылыми-практикалық семинарлар, олимпиадаларға қатысу, ғылыми басылымдарды дайындау, ең жақсы ҒЗЖ конкурсына және гранттар  конкурстарына қатысу, кафедраларда профессорлар -оқытушылар құрамының басшылығымен магистранттар және жас ғалымдармен  ғылыми жобаларға қатысу. СҒЗЖ  қатысуының  ең көбі студенттердің ғылыми үйірмелері. Онда студенттер  ғылыми-зерттеу жұмысының алғашқы дағдыларына ие болады, жаңа техникалық және шығармашылық идеялардың теориялық және практикалық дағдыларын меңгереді, түрлі технологиялар және құрылымдарды жасап жетілдірумен айналысады, арнайы ғылыми әдебиет арқылы жұмыс дағдыларын бекітіп тереңдетеді, өз мамандығы бойынша практикалық дағдыларға иеленеді.   

Университеттің студенттері түрлі республикалық және халықаралық конкурстарға, олимпиадаларға белсене қатысады.   Жыл сайын  ҚР ББ және ҒМ және Тұңғыш Президент Қоры атты республикалық конкурстарына қатысу үшін 30-дан астам студенттердің  ең үздік ғылыми еңбектері ұсынылады. 

 

Жастарды нақты инновациялық процестеріне қатыстыру мақсатында, университетте «Парасатты жастар» атты бизнес-жобалардың жыл сайын өтетін студенттер конкурсының бағдарламасы жасалған. Конкурс студенттердің «өз» жобаларын жеңімпаздыққа алып шығаруға жоғары белсенділігін көрсетеді. Студенттердің сайыстарына инновациялық жобалар жасаушылары аймақтың сараптау және іскер қоғамдарының  өкілдері өз мүдделерін білдіреді. Конкурс үнемі БАҚ-та дербес түрде жариялап отырады.

 

Оқу және ғылыми-зерттеу жұмысының қорытындыларын жасау үшін дәстүрлі түрі жыл сайын өткізетін студенттердің  ғылыми-практикалық конференциялары болып табылады. Конференция 7 бағыт бойынша жұмыс жасайды.  Оған 500-ден астам студент қатысып, 100-ге жақын баяндама жасалады.   

 

Студенттік ғылымның нәтижелері аса маңызды орынды баспаларда табады. Жыл сайын университетте студенттік және магистрлік ғылыми жұмыстар жинақтары жарық көреді.   

 

2013 жылы республикалық және облыстық студенттер конференциялар және пәндік олимпиадаларға  750 –ден астам студент қатысты. 

 

2013 жылы университеттің студенттері жаратылыс, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық конкурсына қатысып,  40  ғылыми жұмысы ұсынылды. 

 

Сонымен, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті студенттер және магистранттардың белсене қатысуымен аймақтық, республикалық деңгейде өтетін конкурстарда өз инновациялық дайындығын үнемі көрсетуде. 


PDF