Сәуір айының 22 күні А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде кәсіподақ ұйымы мен жоғары студенттер кеңесінің қолдауымен «Мисс ҚМУ – 2019» сұлулық пен өнер байқауы өтті. Байқауға оқу ордамыздың ең сұлу да, инабатты 8 аруы қатысып, тәж үшін күресті.
Байқау визитка, той көйлектер дефилесі, интелектуалды байқау, шығармашылық нөмір және кешкі көйлектер дефилесі сияқты бөлімдерден тұрды. Алғашқы бөлімде аруларымыз өздерін бейне-роликтер арқылы таныстырса, сайыс той көйлектер дефилесімен жалғасын тапты. Ал интелектуалды бөлімде сұлулар логиалық сұрақтарға жауап беру арқылы өздерінің ой-өрістерінің кеңдігін көрсете алды. Сайыскер қыздар «ҚМУ-нің сұлу бойжеткені» атағына лайықты екендерін әр түрлі сынақтарда байқатуға тырысып бақты, арулар ән шырқап, би билеп, түрлі аспаптарда да ойнап көрермендердің ықыласына бөленді. Байқау кешкі көйлектер дефилесі бөлімімен аяқталды.
Байқауды қорытындылай келе әділқазылар алқасы, театр және кино актері Әлімхан Мырзахан, шоумен Рач Мартиросян және «Мисс Қостанай– 2017» Анастасия Данчева, «Thai market» дүкенінің директоры Оксана Зайнуллина, «Принцесс» той көйлектер салонының директоры Әлима Сәлімжанова шешімді бір ауыздан қабылдады. Байқау қорытындысы бойынша бойжеткендер түрлі номинациялар бойынша марапатталды: «Мисс спорт» – заң факультетінің 3 курс студенті Дана Оңайбаева, «Көрермендер көзайымы» – гуманитарлық-әлеуметтік факультетінің студенті Виктория Авгумбаева, «Мисс стиль» – витеренарлық және мал шаруашылығы технологиялары факультетінің студенті Дарина Батырыва, «Мисс интелект» – гуманитарлық-әлеуметтік факультетінің студенті Гаухар Мұратқызы,
«Мисс талант» – заң факультетінің студенті Жадыра Шаненова.
«Мисс ҚМУ – 2019» тәжі Дана Оңайбаеваға, ал «Вице мисс ҚМУ – 2019» атағы Карина Аймухамбетоваға бұйырды.
Байқауға қатысқан сұлуларымыздың барлығы да жеңіске лайық деп ойлаймыз, бірақ сайыс болған жерде жеңімпаз болады, сондықтан жеңілдім деп мойымаңыздар!