Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Алтыннан алқа тақты

2013 жылдың 11-21 желтоқсан айы аралығында Италияның Трентино қаласында ХХVІ-шы бүкіләлемдік студент-жастардың арасында қысқы универсиада жарысы өтті. Он күнге созылған спорттық жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен 50 команда қатысып, спорттың 12 түрінен бақ сынасты.

50 команданың ішінде қазақстандық команда да болды, оның ішінде  Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті заң факультетінің магистранты Татьяна Осипова қатысып, жүлделі орынға ие болды.

Татьяна 10 шақырымдық (скиатлон) шаңғыдан мәнерлеп сырғанаудан көптің арасынан оза шығып, мәре сызығына бірінші болып келді. Жарыс соңында «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан шаңғышы Татьяна алтыннан алқа тақты.

Жалпы жарыста Татьяна бар қазақстандық команда осы спорт түрінен үшінші орынға ие болды.

Әлемді өзіне бағындырған шаңғышы Татьянаға біз де қанжығасы майлана берсін деген тілек айтамыз.

 

 

 


 

ҚМУ-дің баспасөз хатшысы Мейрам Оспанов


PDF