Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Ғылыми-лабораториялық кешенінің тұсаукесері

2014 жылғы 31 қаңтар күні А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің №3 ғимаратының 1 қабатындағы 116-шы  дәрісханада ТEMPUS халықаралық жобасы аясында «Жаңартылған энергия көздері» атты ғылыми-лабораториялық кешенінің тұсаукесері болды.

Онда «жаңартылған энергия көздерін қолдана отырып, орнықты дамыту және экологиялық инжиниринг» атты магистрлік бағдарламаны әзірлеп, енгізді. 

Тұсаукесер барысында университетіміздің маңдай алды өнертапқыштары өздерінің тың еңбектерінің құпиясын ашып, республикалық және жергілікті  бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен ой бөлісті.

Тұсаукесердің соңы жобаны ғылыми тұрғыдан талқылау үшін ғылыми дөңгелек үстелмен ұласты.

 Бас қосуда жобаның модераторы, электроэнергия кафедрасының меңгерушісі Игорь Владмирович Кошкин жаңадан ойлап тапқан құрылғының қыр-сырын көпшілікке түсіндірді. Жалпы құрылғы мына сағат сайын дамып жатқан заманда өте тиімді.

Өйткені құрылғының қасиеті соншалықты ол күн сәулесінен, судан және желден қуат алып, сол арқылы электрэнергиясын бөледі. Осы арқылы жылына бәленбай миллион қаражат және электр қуатын үнемдеуге болады. Қазіргі құрылғы тек университетіміздің бір бөлмесін ғана жарықтандыруға қуаты жетіп тұр екен. Егер болашақта қомақты қаржымен қаржыландыратын болса, онда мұның пайдасы шаш етектен дейді, - мамандар.

 

ҚМУ-дің баспасөз хатшысы Мейрам Оспанов 

 


PDF