Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Қостанайда Қазақстанның ЖОО арасында өткен V Республикалық Универсиадасының жеңімпаздары анықталды

Универсиаданың жабылу салтанаты А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дің акт залында өтті. Салтанат кеші волонтерлер мен штаб жұмыскерлерінің қызметі жайлы бейнебаян көрсетілуінен басталды. Жүргізушілер спорттық тақырыптан біршама ауытқып, отырған нәзік жандарды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Спортшылар арасында қыздар болғандықтан құттықтаулар өз иесіне жетті. Көрермендер назарына ҚМУ-дің белсенді студенттері мен Х-Factor жобасына қатысушылар «New Boys» тобы өнер көрсетті.

Кейін салтанат кеші ресми түріне көшті. Алғысөз А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ ректоры Асқар Наметұлына берілді. Ректор өз студенттеріне жанкүйер болғанын жасырмады, бірақ Универсиада қонақтарының жеңісіне де қуанғандығын білдірді. «Барлық қатысушылар өзінің спорттық талантын көрсетіп, белгілі дәрежелер мен шыңдарға жетті», - деді ол.

Қостанай Универсиадасы мерейтойлық ғана болмай, рекордтық та болып үлгерді. Бұл сайысқа 30-дан астам ЖОО, 15 қаладан 1100 жас спортшылар қатысты. Универсиадағы қатысушылар жағынан ҚазҰУ командасы ең көп болып келген. 

 

Көрермендердің қызығушылығы артып отырса да, ұйымдастырушылар Универсиада жеңімпаздарын атауға асықпады. Көрермендердің көбі V Универсиаданың жеңімпазы кім екенін білмеді. Салтанат кешінде Универсиаданы өткізуіне ерекше ат салысқандары үшін Қостанай қаласының әкімі Гауез Нұрмұхамбетов пен А.Батұрсынов атындағы ҚМУ-дің ректоры Асқар Наметов арнайы төс белгілерімен марапатталды.

Облыс әкімінің орынбасары Серік Бектұрғанов өткізілген Универсиаданың дәрежесіне риза болды. Ол Унивверсиадаға қатысушылар өздерін кәсіби тұрғыда жақсы көрсеткендіктері мен ойындардың шынайы бағаланып, әділқазы алқасы әділетті болғандықтарына тоқталып өтті. 

 

Сайыстың қалай өткізілгені жайлы ойлар айтылғаннан кейін V Қазақстан Республикасының ЖОО арасындағы Универсиадасының жеңімпаздары анықталды. Орын алған барлық университеттер, 6 орыннан бастап естелік кубоктармен марапатталды. 6 орында ШҚМТУ (Өскемен) студенттері, мәртебелі 5 орынды ППМИ, ал үздік үштіктен бір қадам қалған Е.Букетов атындағы ҚарМУ студенттері иеленді. 

Универсиаданың қола жүлдегерлері болып СҚМУ (Петропавл), ал пьедесталдың алғашқы сатысын Қостанай қаласының студенттері иеленді. Күміс жүлдегер болып ҚМПИ, ал алтын жүлдеге Универсиаданың иесі А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ ие болды. Бірнеше минуттық қошеметтен кейін экранда сайысқа қатысушы спортшылардың пікірлері, кейін А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ алдында студенттер әнұраны Гаудеамус  орындалып, Универсиада алауы сөндірілді.

 

Салтанатты кештің соңында Универсиада жалауын келесі иесі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттеріне табыс етілді.

 


PDF