Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Асыл ару – 2014» байқауы

2014 жылғы 18 сәуір күні сағат 16:00-де А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде ғажайып сайыстардың бірі «Асыл Ару-2014» сайысының ақтық сыны өтті.

Үздік арудың атағы үшін ҚМУ-дің 7 факультетінің арулары сайысқа түсті. Олар университеттің барлық факультеттерінде өткен іріктеу кезеңдерінде жеңіске жеткен болатын. Сайыста аруларымыздың бойынан  – қазақстандық жастарда заманауи эстетикалық және адамгершілік құндылықтарын тәрбиелеуді, студенттердің шығармашылығын дамытуды, салауатты өмір салтын және белсенді өмірлік ұстанымды насихаттауды, сондай-ақ шығармашылық әлеуетті ашу үшін жағдай жасау, сұлулығы, ақыл-ойы, зияткерлігі мен дарыны үйлескен, қазақ халқының мәдениетін, дәстүрлерін және өнерін білетін аруды анықтау еді.

 

 

Сайыс 5 кезеңнен тұрды. Әр кезең бойынша аруларымыз қазылар мен көрермендер алдында қызу додаға түсті. Әрбір арудың жанкүйерлері өз сайыскерлеріне қолдау көрсетіп, залды қызықты думанға бөледі.

Сайыс өте ұйымшылдықпен әрі қыздарымыздың үлкен дайындығымен өтті. Екі сағатқа созылған қызықты байқауда ақылына көркі сай заң факультетінің 1 курс студенті Нұрсұлу Балапанова «Асыл ару -2014» атағын жеңіп алды. Және де Нұрсұлу «ғаламтор көзайымы» атты  номинация бойынша да ғаламторда ең көп дауыс жинаған ару атанды. Нұрсұлуға демеушілер шетелге демалуға жолдама және республикалық «Жас өркен Қостанай» журналының 1 жылдық басылымына түбіртек берді.

 

Одан кейін  басқа аруларымыз өздеріне лайықты атақтармен өзара бөлісті. «Көрермендер көзаймы» - Нұргүл Жанбосынова, «Нәзік ару» - Айтгүл Мұқат, «Инабатты  ару» - Ақсамал Ғабдуалиева, «Өнерлі ару» - Ақбота Сақұлова, «Жарқын ару» - Әйгерім Ұзақбаева, «Сымбатты ару» - Әсем Ткенова атанды. 

Сайыс ҚМУ-дің қыз-келіншектер мен бойжеткендерге арналған «Арулар Отауы» клубының бастамасы бойынша өткізіледі.

 

 

 

 

ҚМУ-дің баспасөз хатшысы М. Оспанов 


PDF