Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«ҚМУ миссі -2014» сайысы

2014 жылғы 29 сәуірде ҚМУ-да дайындығы бірнеше айға созылған, көптен күткен сұлу аруларымыздың « ҚМУ миссі-2014» сайысының финалы өтті.

 

Акт залында ине шаншар орын болмады, өз факультетінің сұлу аруын қолдаушылар молынан жиналды. Бұл сәтте сахнада таңқаларлық жайт орын алды. «Визитка» деп аталатын ең бірінші сайыстан бастап жеті қатысушы бірінен соң бірі өз өнерлерімен таң қалдырды: мұнда жан тербетер ән де, сайыскерлердің өмірі туралы креативтік бейне роликтер де және сұлулығы таң қалдыратын билер де болды. Әр сайыс кезең арқылы қыза түсті. Бойжеткендер көрермендерді өздерінің сұлулығымен және өнерімен тамсандырып қана қоймай, зияткерлік сайыста өз білімін де көрсете білді.

 

 

Бірақ, ұмытылмайтын жайт болып әрине сайыстың «Үй жұмысы» деп аталатын соңғы кезеңі болды. Қонақтар мен жанкүйерлер таңғажайып шоудан ляззат алды және «ҚМУ миссі-2014» тәжін кім иеленеді екен деген оймен отырды. Міне, шындық сәті, қазылар алқасы сахнада, көрермендер қорытындыны тосып отыр... Және Мисстің тәжін ҚМУ-дің гуманитарлық-әлеуметтік факультетінің студенті Томирис Рыспаева иеленді. Ал ветеринария және мал шаруашылығы технологиясының студенті Юлия Шмидт Вице-Мисс атағын алды. Барлық қатысушылар дипломдармен және демеушілердің сыйлықтармен марапатталды.




ҚМУ-дің баспасөз хатшысы

Оспанов Мейрам



PDF