Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

2014-тің қарлығаштары қанат қақты

 

2014 жылғы 11 маусымда А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің акт залында экономика факультетінің студенттеріне диплом берілді.

Биыл аталмыш факультеттің сырттай және күндізгі оқыту бөлімін 299 студент тәмәмдады. Оның 155-і іштей, 144-і сырттай оқыту бөлімі бойынша бітірді.
 

Осы 299 студенттің 33-не үзік диплом табысталды.

Салтанатты кешті факультеттің деканы Нұрлан Исмағұлұлы Қабрахметов өзінің құттықтау сөзімен ашып, факультеттің қыр-сырымен таныстырып, студенттердің болашағына сәттілік тіледі. Түлектерді Қамқоршылар Кеңесінің мүшелері мен ата-аналары да құттықтады.
 


Биыл экономика факультетінің  85 пайыз студенті жұмыспен қамтамасыз етілген, бұл былтырғымен салыстырғанда 15 пайызға артып отыр.

Кеш соңы факультет студенттерінің концерттік бағдарламасымен жалғасты.
 


Бізде 4 жыл бойы көз майын тауысып білім нәрімен сусындаған студенттерге болашақта сәттілік тілейміз.
 

 

ҚМУ-дің баспасөз хатшысы М. Оспанов


PDF