Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Дарынды жастармен кездесу

2014 жылғы 19 қыркүйек күні А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы жастар саясаты кеңесінің ІІХ-шы отырыс болды. Кездесуге Астана қаласынан арнайы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің Вице-министрі Тахир Балықбаев келіп, қатысты. Тахир Оспанұлы жас ғалымдармен және белсенді студенттермен кездесіп, сұхбаттасты. Жас ғалымдар кездесу барысында өздерінің ғылыми еңбектері туралы 5 минуттық баяндама жасап, вице-министрге көкейлерінде жүрген өзекті сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды.

Бұл кездесу дарынды жастар үшін өте керемет болды. Кездесу соңында вице министрмен университетіміздің жас дарындары естелік фотосуретке түсті.

 

А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дің баспасөз хатшысы
М. Оспанов


PDF