Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Байтұрсынов оқулары–2019

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде  «Ұлағатты ұлы дала: рухани жаңғыру, білім және инновация» тақырыбында «Байтұрсынов оқулары – 2019» халықаралық ғылыми - практикалық конференция өтті. Бірнеше бөлімнен тұратын конференция барысында әртүрлі бағыттағы 100-ге жуық баяндама тыңдалды.

Конференция қонақтары – РФ еңбек сіңірген ғылым қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор Иван Санду, Хорватияның Дубровник университетінің экономика және бизнес кафедрасының доценті, PhD Мария Бенич Пенава. Сондай-ақ «EBG gGmbH» кәсіптік және әлеуметтік білім беру мекемелерінің Еуропалық қауымдастығының уәкілі (Германия) Гаукс Вальтер, „ILE“ e. V. өңірлік дамуды алға жылжыту жөніндегі халықаралық қауымдастық өкілі Генрих Цертих болды. Аталмыш қауымдастық пен біздің оқу ордамыздың арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Конференцияның маңызы аса зор дейді қатысушылар. Бастысы, бұл - тәжірибе алмасу алаңы. Өйткені, ғылым – қай жерде де ғылым. Сондықтан, конференцияға мүшелік еткен Ресей мен Хорватия, Германия елдерінің жоғарғы оқу орындарында да ортақ мәселелер көп. Ол пікір алмасу барысында айқын көрініс тапты.

Баяндама жасағандардың тіліне тиек болған түйткілдер – инновациямен қамтылу, заманауи білім мен ғылымға барынша басымдық беріп, білікті кадр даярлау ісін жаңғырту. Бұл ретте Қазақстанның мүмкіндігі мол, - дейді ғалымдар.

КГУ 88

 


PDF