Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ІХ халықаралық дебат турнирі

2015 жылғы 23-25 қаңтар аралығында А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-де жылдағы дәстүр бойынша ректордың жүлдесіне арналған ІХ халықаралық дебат турнирі болды.

Биылғы дебаттың тақырыбы «Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл» деп аталады.

Аталмыш пікірсайысқа көрші Ресей елінің және еліміздің түкпір- түкпірінен келген пікірсайысшылар қатысты.

Көптің арасынан қазақ лигасы бойынша 1 орынды Астаналық Бекарыстан Аманжолов және Қарағандылық Абай Отарбаев (қазақ еврейлері) алды. 2 орынды Көкшетау қаласынан келген Асқар Кәкен және Әділет Сенбі (Қазақстан құрамасы) алды. 3 орынды Астаналық Жұлдыз Жүнісова және Бауыржан Әшірәлі қанағат тұтты.

Ал орыс лигасы бойынша 1 орынды астаналықтар Мәдина Қабдуалиева және Іңкар Айтқожина алды. 2-ші орынды тағы да астаналықтар Максим Исаков және Арман Абдрайымов алды. 3-ші орынды көкшетаулықтар Дидар Қадыров және Нұрсұлтан Төлеубаев алды.

 

 

 

 

 

 

 


PDF